---
title: "«Сөз шеберлерін дайындау»"
description: "2020 жылдың 20 мамыр күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-05-21T14:40:32+00:00"
modified: "2020-05-21T14:40:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-z-sheberlerin-dayyndau-857451"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-z-sheberlerin-dayyndau-857451/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сөз шеберлерін дайындау»

> 2020 жылдың 20 мамыр күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

2020 жылдың 20 мамыр күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-насихат штабының жетекшісі, «Jas Otan» ЖҚ БҚО жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиев «Сөз шеберлерін даярлау» курсын өткізді.

Мақсаты – еліміздің жастарының құзіреттері мен дағдыларын арттыру.

Шараға облысымыздың жастары қатысып, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары түсіндірілді.

Бүгінгі таңда елімізде бастамашыл және белсенді жастар көп екені белгілі. Алайда, олардың көпшілігі сөз сөйлеу кезінде мүдіріп, белгілі бір қиындықтарға тап болады.

Халық арасында:

«Қол бастау қиын ба?

Жол бастау қиын ба?

Сөз бастау қиын ба? –

Бәрінен сөз бастау қиын,

Тауып айтсаң мереке қылады,

Таппай айтсаң келеке қылады! деген өлең жолдары бар.

Осы орайда, мұндай курстардың маңыздылығы өте жоғары екені сөзсіз.

Тікелей эфир барысында спикер қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылар сөз тізгіндеудің қыр-сырын үйренді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-z-sheberlerin-dayyndau-857451](https://yvision.kz/kk/post/s-z-sheberlerin-dayyndau-857451)