---
title: "Сөз бен үйлесімі"
description: "Тарихтағы заңғар тұлғалардың, ғалым әулиелердің ғибратты сөздері мен өнегелі істерін жұртқа айтып жү..."
author: "alpamis"
published: "2011-03-03T00:06:01+00:00"
modified: "2011-03-03T00:11:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-z-ben-ylesimi-127044"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-z-ben-ylesimi-127044/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сөз бен үйлесімі

> Тарихтағы заңғар тұлғалардың, ғалым әулиелердің ғибратты сөздері мен өнегелі істерін жұртқа айтып жү...

Тарихтағы заңғар тұлғалардың, ғалым әулиелердің ғибратты сөздері мен өнегелі істерін жұртқа айтып жүремін. Мақалаларыма қосып та жатамын. Бірақ ол кісілердің сөздері мен істері өз өмірімде толық көрініс таппағандықтан үнемі өзімді мазасыз, ыңғайсыз сезінемін. Үлкен жүректен, тақуа ауыздан шыққан сөздер біз сияқты кішкентай адамдардың аузымен айтылғанда, мүлдем жараспай тұрады. Бейне бір үлкен кісілердің киімін кішкентай балаға кигізіп қойғандай күйде боламын.

Шіркін сол сөздер біздің емес, шынайы тақуа, үлкен жүректі тұлғалардың аузымен айтылса, халыққа көбірек әсері болар еді. Михраб пен мінбердің шынайы иелері келер күнге дейін ақиқатты айту біз сияқтыларға аманат. Ендеше айту да, барынша рухани жетілу де кажет.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-z-ben-ylesimi-127044](https://yvision.kz/kk/post/s-z-ben-ylesimi-127044)