---
title: "Сүйінші достар!!!"
description: "Жамбыл облысы, Тараз қаласында \"Жаңа-Ру\" жастар коалициясының жанынан \"SANA\" көшбасшылар мектебі қай..."
author: "ceka"
published: "2014-02-28T05:18:48+00:00"
modified: "2014-02-28T05:18:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-yinshi-dostar-402961"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-yinshi-dostar-402961/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сүйінші достар!!!

> Жамбыл облысы, Тараз қаласында "Жаңа-Ру" жастар коалициясының жанынан "SANA" көшбасшылар мектебі қай...

Жамбыл облысы, Тараз қаласында "Жаңа-Ру" жастар коалициясының жанынан "SANA" көшбасшылар мектебі қайта құрылды. Мектептің негізгі мақсаты жастарды шешендік өнерге баули отырып, олардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру. "Ел болам десен бесігіңді түзе" деген М.Әуезовтың сөзін негізгее ала отырып, жастарды тәрбиелеуге бағыт алатын болады. Мектептің басқа мектептерден айырмашылығы саьақтардың барлығы жаңа форматта, яғни тренинг, семинар, табиғатқа серуендеу, өлке тану мұражайларын аралау және т.б. іс-шаралар негізінде өтеді. Сабақты Республиамызға танымал белсенді азаматтар, ҮЕҰ көшбасшылары жүргізеді.

Көшбасшылар мектебінің ашылу салтанаты 10 нарыз 2014 жылы өткізіледі. Оға дейін жастарға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. 1 наурыз 2014 жылы сағат 12.30 - 15.00 аралығында №54 орта мектеп қабырғасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, ақпаратты [http://vk.com/sanamektep](http://vk.com/sanamektep) арқылыда алуға мүмкіндіктеріңіз бар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-yinshi-dostar-402961](https://yvision.kz/kk/post/s-yinshi-dostar-402961)