---
title: "Сүйіндік Асан канвассинг өткізді"
description: "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні «Nur Otan» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатт..."
author: "abay.krg.nurotan.kz"
published: "2020-12-16T06:53:12+00:00"
modified: "2020-12-16T06:53:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-yindik-asan-kanvassing-tkizdi-892039"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-yindik-asan-kanvassing-tkizdi-892039/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сүйіндік Асан канвассинг өткізді

> Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні «Nur Otan» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатт...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні «Nur Otan» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сүйіндік Асан Абай ауданының Дубовка ауылында канвассинг өткізді.

Бірінші болып Сүйіндік Юржанұлы төрт бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана Динара Жақсыгелдинаның үйіне барды. Динара Жұмағалиқызы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында грант алып, жеке ісін ашу үшін 3 тігін машинасы мен бу үтігін сатып алды. Пандемия мен карантин басталған кезде кәсіпкер «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясына қатысып ауыл тұрғындарына, азаматтардың әлеуметтік осал топтарынана бетперде тігіп, тегін таратты.

Кездесу барысында Сүйіндік Юржанұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, көп балалы отбасылар мен шағын бизнес үшін қандай қолдау шаралары көзделгені туралы айтып берді. Кездесу соңында ол Динара Жақсыгелдинаны еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оны 10 қаңтар күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Кандидат барған Дубовка ауылының келесі тұрғыны жергілікті қоғамдастық төрағасы және кәсіпкер Юлия Шатилова болды. Олар бірге ауылдың проблемалық мәселелерін талқылады. Юлия Аркадьевна келесі жылға жоспарланған ауылды газдандыру және кенттік көшелерді асфальттау сияқты проблемалық мәселелерді бақылауға алуды сұрады.

Сүйіндік Асан Жергілікті қоғамдастық төрағасына «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіре отырып, Юлия Аркадьевнаны «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Сынақтардан өтіп, бірге жеңеміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-yindik-asan-kanvassing-tkizdi-892039](https://yvision.kz/kk/post/s-yindik-asan-kanvassing-tkizdi-892039)