---
title: "Сүйіктім «Қиын ғой, көңіл жарасы»"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз» Бейнематериал авторы - Бактыг..."
author: "Aikosmuz"
published: "2014-05-11T04:02:50+00:00"
modified: "2014-05-11T04:02:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-yiktim-iyn-oy-k-il-zharasy-412951"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-yiktim-iyn-oy-k-il-zharasy-412951/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сүйіктім «Қиын ғой, көңіл жарасы»

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз» Бейнематериал авторы - Бактыг...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»**

**Бейнематериал авторы - Бактыгул Жамгырчы кызы-Сагынам**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

 
 

Қиын ғой, көңіл жарасы,

Ауыртып жатқан, жүректі.

Осы ма бақыт, бағасы?

Көрініп, ғайып боп, кетті.

 

Үркітіп алдым ба, сезімді?

Абайсыз, айтқан сөзіммен.

Түсінсең екен, көңілімді,

Көремін, бәрін, өзімнен.

 

Көңілімнің, сен едің, панасы,

Тағдырдан, талай сұраған.

Сен едің, көзімнің қарасы,

Жарығын әлемнің, сыйлаған.

 

Іздеумен, енді болармын,

Сапарда мәңгі, қаласаң.

Бір көрсем, ляззат алармын,

Тілегім, сен маған, оралсаң.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-yiktim-iyn-oy-k-il-zharasy-412951](https://yvision.kz/kk/post/s-yiktim-iyn-oy-k-il-zharasy-412951)