---
title: "Сәйгүлік семантикасы"
description: "Егемен Қазақстан, 15.02.2014 Көркем бейнені бояу тілімен сөйлеткен суретші, кескіндемеші, Мәдение..."
author: "Mki_gov"
published: "2014-02-17T02:42:01+00:00"
modified: "2014-02-17T02:42:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-yg-lik-semantikasy-401050"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-yg-lik-semantikasy-401050/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сәйгүлік семантикасы

> Егемен Қазақстан, 15.02.2014 Көркем бейнені бояу тілімен сөйлеткен суретші, кескіндемеші, Мәдение...

*Егемен Қазақстан, 15.02.2014*

![Сәйгүлік семантикасы](http://www.mki.gov.kz/uploads/images/1702_2.jpg)

Көркем бейнені бояу тілімен сөйлеткен суретші, кескіндемеші, Мәдениет қайраткері, Президент стипендиясының иегері Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы-4» атты жеке көрмесі Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің музейінде ашылды. Автордың 50 туындысы қойылған көрме музейдің әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылған. Туындылардың барлығы 2006-2013 жылдар аралығында салынған екен. Атап айтқанда, «Арбау өлең", «Жасырынбақ-2», «Сыйлық", «Кен­таврдың ғашығы», «Жеткіншек», «Бай­­шұбар», тағы басқалар. Автор­дың әсіресе «Бәсіре» деп аталатын дүниесінің жөні бөлек. — Жылқы текті жануар ғой. Тілі жоқ демесең, бәрін түсінеді. Менің басқа суретшілерден ерекшелігім — жылқыны адам деңгейіне көтеріп, бейнелеуге талпынып келемін. Суретші Жеңіс Кәкенұлының туын­дылары 1988 жылдан бері елі­міз­дегі, сондай-ақ, АҚШ, Германия, Түр­киядағы көрмелерден орын алып жүр. Ал өткен жылы су­ретші «Ақ зер» кітабын жарыққа шығарды. Бұл жинаққа ұлттық бей­нелеу өнері, қазақ суретшілерінің шы­ғармашылық болмысы туралы пуб­ли­цистикалық еңбектері, өнертану жай­лы мақалалары топтастырылған. Ол «Фо­лиант» баспасының сурет­ші­сі ретінде қырықтан астам кітапты безендірген. [!\[Сәйгүлік семантикасы\](http://www.mki.gov.kz/uploads/images/1702_3.jpg)](http://www.mki.gov.kz/uploads/images/1702_3.jpg)[!\[Сәйгүлік семантикасы\](http://www.mki.gov.kz/uploads/images/1702_4.jpg)](http://www.mki.gov.kz/uploads/images/1702_4.jpg) [!\[Сәйгүлік семантикасы\](http://www.mki.gov.kz/uploads/images/1702_5.jpg)](http://www.mki.gov.kz/uploads/images/1702_5.jpg) **Жанерке ТӨЛЕН,** **ЕҰУ-дің студенті.** **Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-yg-lik-semantikasy-401050](https://yvision.kz/kk/post/s-yg-lik-semantikasy-401050)