---
title: "Сәтті сапар: 4 серия/ lil trip to Almaty: volume 4"
description: "-Дан,қайдасың?-Міне,міне келдім. Кіріп келе жатырмын. Жаңа жылға дайындықты ертелеп бастап кеткен а..."
author: "kavkayeva"
published: "2017-05-24T02:55:51+00:00"
modified: "2017-05-24T02:55:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-tti-sapar-4-seriya-lil-trip-to-almaty-volume-4-767712"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-tti-sapar-4-seriya-lil-trip-to-almaty-volume-4-767712/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сәтті сапар: 4 серия/ lil trip to Almaty: volume 4

> -Дан,қайдасың?-Міне,міне келдім. Кіріп келе жатырмын. Жаңа жылға дайындықты ертелеп бастап кеткен а...

-Дан,қайдасың?-Міне,міне келдім. Кіріп келе жатырмын. Жаңа жылға дайындықты ертелеп бастап кеткен адамдарға лық толы үлкен кешенде мен оларды бірден таныдым. Үлкенді-кішілі болып, маған қарап жымиып, қол бұлғауда. Екі жыл бойы көрмеген сағынышымды басайын деп, оларға қарай ұмтыла бердім. Құшақтасып, көрісіп болғанымыз сол еді, екеуінің біреуі - Еее,чмо! Бойың дым өспепті ғой!

- дегені көңілге мұң түсіргенімен, жүрекке таныс жылулық әкелді. Екі жыл бойы шатыры бір интернат астында тұрып, тамағы бір қазаннан ас бөлісіп жүрген кездерімде олқы қылықтарына ренжімеген мені осы "жылы" сөздерге де ренжімейтінімді біліп, одан әрі қаттырақ құшақтады. Біраз жылдар бойы ара-қашықтықтың тұсауында болған достықтың ақ кептерін сағыныштан босаттың сен, Алматы!

Жиналып қалған барлық әңгімені, көрген білгенді бөлісе жүріп, зымырап кеткен 2 сағаттың қадірін түсініп үлгермедім. Есесіне, табалдырығын күнде келіп тоздыратын, үйреншікті жылтыр киіммен көзді жалықтыратын, сапасы аз гамбургермен қарынды тойдыратын "Меганың" қадірін екі еселеп түсіндім. Ағыны өзгермеген, қарбаласы азаймаған, жаңа серпілісі болмаған кешенде алтын уақытымның зая өтіп жатқанын түсіндім. -Қыздар, музейге барғыларын келмей ма? -Ооо)Музей?Прикольно)Барсақ барайық.

Жексенбінің жылысында музей есігін қағып кірген студенттерді көріп, таң қалған кассир қолымызғы 3 билетті ұстатты. Ұстатылған 3 билет екінші этаждығы темір есікті ғана ашып қоймай, үшеуіміздің жүрегіміздегі көркем өнерге деген құлшынысты қоса ашты. Тізіліп тұрған ақ-қара картинкалар жұмбағы көп тарихты шұбатылған сөзсіз түсінуді үйретті. ( Ә.Қастеев - Амангелді батыр). Сыры көп, бейнесі аз туынды адам басына түскен қайғы-қасіреттің шерін мамыражай үнсіз тыңдауды үйретті. (Ғ. Ахметов - Отыз екі жыл ашаршылық). Түрлі түстерге малынған, мазмұнды, мағынамен салынған бейне қуаныш пен шаттықты, бақыт пен байлықты очкисіз-линзасыз көруді үйретті. ( Қ.Зәкіров - Дастархан). Шын жүректен, әсем ойдан жаратылған, нақышына келтіріп салынған әр сурет артық қимылсыз, еш дыбыссыз, арам ойсыз тамашаланғанымен, жүрекпен қимылдауға, жүрекпен тыңдауға, жүрекпен ойлауға болатынын ұғындыра үйретті. Мені бойға тағылым,ойға ақыл қосар көркем өнердің жар етер жаршысына айналдырған сен болдың, Алматы!

Құрметті жолаушылар! Нөмері 61 Алматы-Ақтюбе пойызына отырғызу басталды! -Қалшы, Дана апа! Қайда кетіп бара жатсың?Мен сені сағынамын ғой! -Жаным сол ! Мен де сені сағынамын. Жалғыз сені емес.

Қанша от жағылса да, сенікіне жетпейтін жылулықты сағынамын. Аспанмен таласқан, міз бақпайтын тауыңды сағынамын. Кіршіксіз таза, судай мөлдір, ластанбайтын ауаңды сағынамын. Сүттей ақ, мақтадай жұмсақ қатпайтын қарыңды сағынамын.Құшағын жая қарсы алған, жылы шырай танытқан туыстарыммен өткізген күндерді сағынамын. Көп көрмеген, сағынып сарғайған жақын достарыммен өткізген сәттерді сағынамын. Құшағыңда еркелеп өткізген, қайталанып келмейтін 4 күнді сағынамын. Сені сағынамын, Алматы. Қол бұлғап, қоштаспаймын. Керісінше, жыр арнап, өзіңді ұмытпаймын, қарт қала! Кездескенше, арайлы АЛМАТЫ! P.S Бойыма шабыт қондырған, қолыма қалам алдырған, керемет құлшыныс иесі сен болдың, Алматы! Сол үшін саған мың да бір алғыс!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-tti-sapar-4-seriya-lil-trip-to-almaty-volume-4-767712](https://yvision.kz/kk/post/s-tti-sapar-4-seriya-lil-trip-to-almaty-volume-4-767712)