---
title: "Сәтсіздік үшін ашуланба"
description: "Мен бүгін \"құлау\" жайлы әңгіме айтамын. \"Құлау\" - бұл сіз ойлаған жүгіріп бара жатып құлап қалу емес..."
author: "Koshbasshilar"
published: "2016-03-05T09:09:49+00:00"
modified: "2016-03-07T05:09:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-tsizdik-shin-ashulanba-673127"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-tsizdik-shin-ashulanba-673127/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сәтсіздік үшін ашуланба

> Мен бүгін "құлау" жайлы әңгіме айтамын. "Құлау" - бұл сіз ойлаған жүгіріп бара жатып құлап қалу емес...

Мен бүгін "құлау" жайлы әңгіме айтамын. "Құлау" - бұл сіз ойлаған жүгіріп бара жатып құлап қалу емес,бұл бір биік мақсатқа барар жолда құлау, арманына жетпей қалу. "*Сәтсіздік үшін ашуланба. Барлығы құлайды. Тек біреулер тез тұрып кетеді, ал біреулер жата береді.*" (Майк Тайсон). Кейбір адамдар бір құласа қайтадан жаңа өмір бастау жайлы шешім қабылдайды. Бірақ мынаны білген жөн: "Өмірді жаңа парақтан бастайсын, бірақ оның жазылу үлгісін өзгерту қиын "*Мақсатқа жетер жолда қандай* *жылдамдықпен жүргенің маңызды емес - бастысы тоқтамау* (Конфуций). Ешқашан берілмей ең соңына дейін күрессең ғана жемісін көре аласың. Осы жерде боксшы Мұхаммед Әлидің сөзі еске түседі: *"Мен жаттығудың әр минутын жек көрдім, бірақ өзіме: Берілме. Қазір шыдап бақ, сосын кейінгі өміріңді чемпион сияқты өткіз"* дедім". Сабырлы бола білген адам да мақсатқа жетер жолда мәрені кесетін адамдардың алғашқысы болады. *Сабырың - соңғы есікке соңғы кілт* (Антуан де Сент-Экзюпери). Түйін: мақсатқа жетер жолда құламау үшін берілмеу керек , сабырлы болу керек, тоқтамай алға ғана адымдау керек!!!

***"Көшбасшылар" клубының мүшесі,*** ***10-шы сынып оқушысы Өтеш Жаснұр***

![Сәтсіздік үшін ашуланба](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/h5kzkF6x417CChFOXEjUl7xXDAIoY9.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-tsizdik-shin-ashulanba-673127](https://yvision.kz/kk/post/s-tsizdik-shin-ashulanba-673127)