---
title: "Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да"
description: "Үздіктер жарысының, міне, бел ортасы бесінші аптасына да келіп жеттік. Әр аптаның жексенбісінде, кеш..."
author: "Jansaya"
published: "2014-12-05T04:45:00+00:00"
modified: "2014-12-05T11:55:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-rlengen-so-ym-eti-du-duman-da-445891"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-rlengen-so-ym-eti-du-duman-da-445891/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да

> Үздіктер жарысының, міне, бел ортасы бесінші аптасына да келіп жеттік. Әр аптаның жексенбісінде, кеш...

*Үздіктер жарысының, міне, бел ортасы бесінші аптасына да келіп жеттік. Әр аптаның жексенбісінде, кешкі сағат 20:00-де көрермен қауыммен қауышуға асық бағдарламаның осы аптадағы қонағы – әнші Бүркіт.*

![Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/4n1F7dK6LLDF0IsX3E66bZ65Dku5IR.jpg)

Бұл жолы қатысушылар «Туыста туыс бар» атты тақырыпта қойылым көрсетпек. Елімізде баспаналы болу – әлеуметтік мәселелердің бірі. Ал «Екі езуліктер» үшін керісінше пәтер сату қиынға соқпақ.

![Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/iNzPbTqjY1B2qGYO46m2gH3HchL3Hh.jpg)

«Шымкент шоу» театрының актері «Күлпаш» тың қазақ киносына қатысы бар болып шықты. Айтуынша, 15 жыл «Қазақфильмде» жұмыс істепті.

![Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/pscP2QJSrn5u48uAdxfynl1rS9u29C.jpg)

![Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/fm5e8W0Gv34P87ux7aAGhH4R82iIEt.jpg)

![Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/yyXfYogdia4hko04lr9092ageVmXKu.jpg)

![Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/q7qP0yj1dCzdCuSUKS9fdqPQ1xEs2j.jpg)

Он бес жыл сонда тек жүрмегені көрініп-ақ тұр. «Күлкістандықтар» ауылдағы ағайынды қалай қарсы алудың жөнін жақсы біледі. Ендеше сүрленген еттің соғымы сахнада. Қазақ қай заманда өмір сүрсе де, сол еттен бас тартпасы анық.

![Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/TrRNUTT92jswPf894B7kiySVz9Jrf2.jpg)

![Сүрленген соғым еті «Ду-думан»-да](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/vTnPUrVF4W6OSv9o9JjsWmYQYT99d5.jpg)

Жылқы еті «күлкістандықтарды» ағайындарымен кездестіруге себеп бола алады екен. «Өнер қырандары» бұл жолы «Ду-думанға» Амантай қажыны арнайы қонаққа шақырыпты. Бірақ ол жалғыз келмеген секілді...

Дәл осы қызықтарды [«Хабар»](http://www.khabar.kz/kz/ba-darlama/apy-alma-yzdar/item/2791-7-zhelto-san-19-50-de-s-rlengen-so-ym-eti) арнасынан **7 желтоқсан, 19.50-де** жіберіп алмаңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-rlengen-so-ym-eti-du-duman-da-445891](https://yvision.kz/kk/post/s-rlengen-so-ym-eti-du-duman-da-445891)