---
title: "СҚО Тәртіптік кеңесі қатаң сөгіс жариялады..."
description: "Ағымдағы жылғы 27 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентт..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-02T06:14:59+00:00"
modified: "2015-09-02T06:14:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-t-rtiptik-ke-esi-ata-s-gis-zhariyalady-535754"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-t-rtiptik-ke-esi-ata-s-gis-zhariyalady-535754/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО Тәртіптік кеңесі қатаң сөгіс жариялады...

> Ағымдағы жылғы 27 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентт...

![СҚО Тәртіптік кеңесі қатаң сөгіс жариялады...](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/A4VJyA237mVGfT087HOM77VWk2yu71.jpg)

Ағымдағы жылғы 27 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды, ішіндегі 4 тәртіптік іс жемқорлық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтамауына қатысты болды.

Алдымен, Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қайрат Омаровтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауы, ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы ақпараты тыңдалды. Қарастырылған мәселе бойынша, Басқармаға субсидиялау үрдістерін жүргізу және ауыл шаруашылық саласындағы өзге де көкейкесті мәселелерді шешу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтану жөніндегі жұмыстарды күшейтуге ұсыныс жасалды.

Келесі қарастырылған мәселе – Ақжар ауданы прокуратурасының шағымы бойынша, шығынды әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарын субсидиялау кезінде бірқатар бұзушылықтарға жол берген, аталмыш ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қатысты болды. Барлық шешімдер арнайы комиссия құрусыз қабылданған екен, тасымалдаушылардың есеп мәліметтері де қайта тексерістен өткізілмегендігі анықталды. Аталған мекемеге басшы ретінде үстіміздегі жылдың наурыз айында тағайындалған Болатхан Бақтыбаев, жіберілген олқылықтар тәжірибесінің жетіспеушілігінен орын алды деп ақталды.

Салдарынан, Кеңес жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаға, өзі атқарып отырған қызметіне толық сай еместігі жайында ескерту жасады.

Бұған қоса, әскерге шақыру жасына дейінгі жеткіншектер мен әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру бойынша қызмет көрсетулерге мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарын сақтамай, келісім шарттарға қол қойған Петропавл қ. әкімі аппаратының басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды.

Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін бұзған Тілеубай Есжанов қатаң сөгіс ретінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Отырысты түйіндеген Тәртіптік кеңестің төрағасы Ә. Мұқашев жасалған сөгістер мен мемлекеттік тәртіпті сақтау туралы ұсыныстарға тиісті шаралар қабылдауды тапсырды және Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдары тәртіптік комиссияларының қызметтеріне бақылау тұрақты түрде жүргізілетіндігін басып айтты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-t-rtiptik-ke-esi-ata-s-gis-zhariyalady-535754](https://yvision.kz/kk/post/s-o-t-rtiptik-ke-esi-ata-s-gis-zhariyalady-535754)