---
title: "СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнес субъектілерінің мүддесін әрқашан қорғайды"
description: "Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңес пен «Нұр От..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-30T00:48:15+00:00"
modified: "2015-09-30T00:48:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-biznes-subektilerini-m-ddesin-r-ashan-or-aydy-556246"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-biznes-subektilerini-m-ddesin-r-ashan-or-aydy-556246/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнес субъектілерінің мүддесін әрқашан қорғайды

> Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңес пен «Нұр От...

![СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнес субъектілерінің мүддесін әрқашан қорғайды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2u8Qz81FkeX6iaQ6P1KWpQ1nrRPLDz.jpg)

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңес пен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы маңындағы партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы болып өтті. Кәсіпкерлердің құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі облысымыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен қабылданатын шаралар туралы, жиылғандарды Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж. Жұмабаев хабардар етті.

![СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнес субъектілерінің мүддесін әрқашан қорғайды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/y7jJa9rZw8gpVdZUR6MKeB1j5nqw2x.jpg)

Жанат Жұмабаев өз баяндамасында әкімшілік тосқауылдар деңгейін төмендету, сонымен қатар кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласуды болдырмау үшін, мемлекеттік органдарға қоса, қоғамдық институттар, Кәсіпкерлер палатасы күштерінің бірігуі және кәсіпкерлер қауымдастығына белсенділік таныту қажеттігін мәлімдеді. Осы орайда кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшылығымен тікелей байланыс орнату үшін, «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» интернет-ресурсы бекерден-бекер құрылмағандығы да жеткізілді.

![СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнес субъектілерінің мүддесін әрқашан қорғайды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/K8y9IlGEhGQo0RHQbmtp3gC0686uoS.jpg)

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті жұмысының енді бір бағыты – мемлекеттік органдардың бизнес өкілдерімен қарым-қатынасы кезіндегі жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау болып табылады. Сөйтіп, аталған жұмыстың нәтижесінде анықталған жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар, тиісті шара қабылдау үшін орталық атқарушы органдарға жолданады. Сондай-ақ кездесуде осы бағыттар бойынша өздерінің жүргізілетін жұмыстары жайлы партия, облыс прокуратурасының өкілдері, кәсіпкерлік және туризм басқармасы, кәсіпкерлер палатасының мамандары да есептерін берді. Отырыс қорытындысы бойынша өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру, сонымен қатар бизнес-қауымдастықтарының Департамент көмегіне жүгіну арқылы белсенді әрекет етулері жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-biznes-subektilerini-m-ddesin-r-ashan-or-aydy-556246](https://yvision.kz/kk/post/s-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-biznes-subektilerini-m-ddesin-r-ashan-or-aydy-556246)