---
title: "СҚО-ның мектептерінде жаратылыстану циклінің пәндерін ағылшын тілінде оқытады. 1-бөлім"
description: "Солтүстік Қазақстан облысында ұлт жоспары бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-05-16T17:49:43+00:00"
modified: "2018-05-26T10:32:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-ny-mektepterinde-zharatylystanu-ciklini-p-nderin-a-ylshyn-tilinde-o-ytady-1-b-lim-804564"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-ny-mektepterinde-zharatylystanu-ciklini-p-nderin-a-ylshyn-tilinde-o-ytady-1-b-lim-804564/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-ның мектептерінде жаратылыстану циклінің пәндерін ағылшын тілінде оқытады. 1-бөлім

> Солтүстік Қазақстан облысында ұлт жоспары бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты...

Солтүстік Қазақстан облысында ұлт жоспары бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадамы» аясында білім беру саласында төрт қадам жүзеге асырылуда. Облыстық білім басқармасының бастығы Гүлмира Кәрімова берген сұхбатында осы жұмыста қандай көрсеткіштерге қол жеткізілгені туралы айтты.

- Гүлмира Қайырбекқызы, 12 жылдық білім беруді бірте-бірте енгізу қалай жүзеге асуда, білім беру стандарттарын қалай жаңарту керек?

- Облыстың мектептерінде жаңа оқу жылының басында 1,2,5,7 сынып оқушыларының 100% жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқыды, облыстың барлық мектептері бес күндік оқытуға ауысты. 2016 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесі облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде көрсетіледі. Осы мақсатта өңірдегі барлық мұғалімдерді жаппай қайта даярлау жүргізілуде. Атап айтқанда, 3 866 мұғалім педагогикалық шеберліктерін жетілдірді.

- Жаңа тәсілмен оқыту жаңа бағалау жүйесін қажет етеді. Ол қалай жүзеге асуда?

- Екінші жыл өңірде критериалды бағалау жүйесі қолданылуда. Бағалаудың жаңа жүйесі оқушыларға өздерінің іс-әрекеттерін бақылауға және бағалауға, қиындықтар туындаған себептерді анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Оқушы тек білетін нәрсесін ғана емес, жаттағанын түсінеді, өз білімі мен дағдыларын меңгере алады, талдайды, синтездейді және өз бетінше бағалайды.

- Балалардың көптілді білім алуына қандай шаралар жасалып жатыр?

- Облыста ағылшын тілінде жаратылыстану циклі пәндерін жоғары мектепте оқытуға кезең-кезеңмен көшу бойынша жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. 2019 жылдан бастап жоғары сыныптарда жаратылыстану циклінің пәндерін ағылшын тілінде оқытады. Аймақта үш тілде оқытуды жүзеге асырудың жол картасы жүзеге асырылуда, оның аясында биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 57 мектеп жаратылыстану циклі: физика, химия, информатика және биология пәндері бойынша ағылшын тілін үйрете бастады. Ағылшын тілінде оқулықтарды сатып алуға 87,3 млн. теңге бөлінді.

- Ағылшын тілінде сабақ беру үшін мұғалім тілді жақсы меңгеруі керек. Бұл үшін не істеу керек?

- Көп жұмыс жасалуда. Жаратылыстану пәндерінің 542 педагогы 2 айдан 10 айға дейін қайта даярлау курстарынан өтеді. 99 мұғалімнің сертификаттары бар, олардың 18-і негізгі қызметтік жалақының 200% мөлшерінде қосымша ақы алады.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-ny-mektepterinde-zharatylystanu-ciklini-p-nderin-a-ylshyn-tilinde-o-ytady-1-b-lim-804564](https://yvision.kz/kk/post/s-o-ny-mektepterinde-zharatylystanu-ciklini-p-nderin-a-ylshyn-tilinde-o-ytady-1-b-lim-804564)