---
title: "СҚО Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы"
description: "2016 жылдың 15 ақпаны Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО департаменті басшысы - Әдеп жөні..."
author: "finpolsko"
published: "2016-02-19T23:38:02+00:00"
modified: "2016-02-19T23:38:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-memlekettik-yzmet-isteri-ministrligini-dep-zh-nindegi-ke-esini-otyrysy-679483"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-memlekettik-yzmet-isteri-ministrligini-dep-zh-nindegi-ke-esini-otyrysy-679483/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы

> 2016 жылдың 15 ақпаны Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО департаменті басшысы - Әдеп жөні...

![СҚО Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/424Kb6TDCi3qbhF4VeBo5S5OgfN2VO.jpg)

2016 жылдың 15 ақпаны Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО департаменті басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен Кеңестің алғашқы ұйымдастырушылық отырысы өткізіліп, 4 сұрақ қаралды. Әдеп жөніндегі кеңестің міндеттері мен функциялары, әдеп нормалары және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық ережелерін жетілдіру бойынша шаралар туралы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Д.Қ. Тайшабайдың ақпараты тыңдалды. Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің бұйрығымен Әдеп жөніндегі кеңестің құрамы бекітілді, оның құрамына маслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер – «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы, ардагерлер ұйымы, БАҚ, кәсіподақтар кеңесі, азаматтық альянс ж»не мемлекеттік органдар – облыс әкімдігі, тексеру комиссиясы, әділет өкілдері кірді. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеті болып сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу және профилактика. Екінші сұрақ болып, Әдеп жөніндегі кеңсетің 2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді. Департамент орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевтың ақпараты бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы құқықбұзушылықтар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикасына бағытталған шаралар жоспарланған. Теріс Онда мемқызметкерлердің іс-әрекетіне түскен шағымдардың және сыбайлас жемқорлық қылықтардың саны бойынша жағымсыз тендециясы байқалған салалар енгізілген.

![СҚО Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Q1w9mmJJyq1CI97yWo8w2wC1dcA4Sr.jpg)

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік этиканы сақтауын және құқықбұзушылықтың алдын алуын қамтамасыз ету бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі және міндеттері туралы облыс әкімдігінің Этика бойынша уәкілі Ю.А. Наумочкин сөйледі. Этика бойынша уәкілдің жұмысының негізгі бағытары мемқызметшілердің консультативтік қолдауы, қызметтік этикасы бұзушылығының алдын алуы, мемлекеттік қызметшілердің құқығы мен мүддесін қорғау, қолайлы моральдік-психологиялық климатты құрастыру болып табылады.

![СҚО Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/fDFYo9RycgGKyOod8QspK2Xi0I23C3.jpg)

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі басымды бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахиннің «Мемлекеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлық профилактикасы мен алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерібойынша шаралар туралы» ақпараты тыңдалды. Қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары мен тәртіптік комиссия төрағаларына қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған ұсыныстар әзірленді. Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы, 467446

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-memlekettik-yzmet-isteri-ministrligini-dep-zh-nindegi-ke-esini-otyrysy-679483](https://yvision.kz/kk/post/s-o-memlekettik-yzmet-isteri-ministrligini-dep-zh-nindegi-ke-esini-otyrysy-679483)