---
title: "СҚО мектептері биоотынға көшті"
description: "Қызылжар ауданындағы Якорь және Асанов ауылдарының оқу ордалары осы жылдан бастап сабан жаға бастады..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-11-27T02:57:38+00:00"
modified: "2015-11-27T02:57:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-mektepteri-biootyn-a-k-shti-663985"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-mektepteri-biootyn-a-k-shti-663985/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО мектептері биоотынға көшті

> Қызылжар ауданындағы Якорь және Асанов ауылдарының оқу ордалары осы жылдан бастап сабан жаға бастады...

Қызылжар ауданындағы Якорь және Асанов ауылдарының оқу ордалары осы жылдан бастап сабан жаға бастады.

Жылу қазандықтарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында өз қаржысына кәсіпкер орнатып беріпті. Бекітілген тариф бағасы екі есе арзан.

Якорь орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қытымыр қысты қуана қарсы алды. Білім ордасы отын – көмірден бас тартып, сабан жаға бастады. Бұл оқу ғимаратын, шағын орталық пен интернатты толық жылытып отыр.

Елена Машинец, Якорь орта мектебі директорының орынбасары:
- Биоотын 3 есе арзанға түсіп отыр. Былтыр 450 тонна көмір жағатынбыз. Бұл – шамамен 4 млн теңге. Сондықтан қазандықтың тиімділі айтпаса да, түсінікті. Жылу қазандығы 800 градусқа дейін қызады. Әрі мектептегі температураны өзі реттейді. Биопешке тәулігіне 5 рет сабан салынады. Екі орам сабан жарты тонна көмірді алмастырады. Ең бастысы шөп қалдықсыз жанады. Әрі күлі аз қалады. Осындай бір қазандық 13 млн теңге тұрады. Биопеш әзірге екі мектепке орнатылды. Мамандар әрқайсысына 20 жыл кепіл беріп отыр.

Берік Аюпов, Қызылжар аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Осы қазандықтың тиімі өте жақсы. Біріншіден көмір жағынан, екіншіден жұмысшылардың саны азайды. Үшіншіден экологиялық тиімі бар.

Жоба экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да тиімді. Шенеуніктер мен кәсіпкерлер келесі жылы жылу қазандықтарын тағы 3 мектепке орнатуды жоспарлап отыр.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12267

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-mektepteri-biootyn-a-k-shti-663985](https://yvision.kz/kk/post/s-o-mektepteri-biootyn-a-k-shti-663985)