---
title: "СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасының кеңесіне қатысуы"
description: "Ағымдағы жылдың 4 тамызында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.у.а. Е.Е. Жақ..."
author: "finpolsko"
published: "2017-08-06T22:12:24+00:00"
modified: "2017-08-06T22:12:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-kimdigini-veterinariya-bas-armasyny-ke-esine-atysuy-774942"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-kimdigini-veterinariya-bas-armasyny-ke-esine-atysuy-774942/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасының кеңесіне қатысуы

> Ағымдағы жылдың 4 тамызында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.у.а. Е.Е. Жақ...

![СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасының кеңесіне қатысуы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/NS0ac9RW33HPksmD38etB6kBt62WYe.jpg)

Ағымдағы жылдың 4 тамызында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.у.а. Е.Е. Жақслықов СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасымен «Жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметтерінің жұмысы бойынша 2017 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындылары» тақырыбына өткізілген жұмыс кеңесіне қатысты. Кеңеске қатысушыларға а.ж. 1-жартыжылдығында Департаментпен қарастырылған ветеринария саласындағы өтініштер туралы, сонымен қатар, жоспардан тыс өткізілген тексеріс нәтижелерінде анықталған құқықтық коллизиялар бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен қабылданған шаралар туралы ақпарат жеткізілді.

![СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасының кеңесіне қатысуы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Mi387jo3V1O2r5Bu2rM1L874FgVNXi.jpg)

Кеңес қорытындысы бойынша ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушыға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді.

Жалпы іс шараға ветеринарлық станциялардың және ветеринария бөлімдерінің 30 қызметкері қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-kimdigini-veterinariya-bas-armasyny-ke-esine-atysuy-774942](https://yvision.kz/kk/post/s-o-kimdigini-veterinariya-bas-armasyny-ke-esine-atysuy-774942)