---
title: "СҚО ІІД және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірлескен отырысы"
description: "Ағымдағы жылғы 4 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіг..."
author: "finpolsko"
published: "2015-08-06T04:24:48+00:00"
modified: "2015-08-06T04:24:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-iid-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmetini-birlesken-otyrysy-527440"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-iid-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmetini-birlesken-otyrysy-527440/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ІІД және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірлескен отырысы

> Ағымдағы жылғы 4 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіг...

![СҚО ІІД және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірлескен отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/chLtb4z2S40clrquspMHq2sV01LL5I.jpg)

Ағымдағы жылғы 4 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшылығы, облыстық мәдениет орталығының залында өткен СҚО ІІД Тәртіптік кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Іс-шараға облыс прокуратурасы, СҚО бойынша ҰҚКД, мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және ІІД қоғамдық Кеңесінің мүшелері мен ІІД жеке құрамы шақырылды. Тәртіптік кеңестің күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, жемқорлық тәуекелдерін талдау жүйесін жаңғырту, құқық қорғау органдарының қатарында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Жемқорлық және тәртіптік құқық бұзушылықтарға бой алдырған тәртіп сақшылары тыңдалды, оның ішінде Петропавл қ. ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының үш қызметкері полиция старшинасы М.В. Роговой, полицияның кіші сержанты Е.С. Анохин, полицияның кіші сержанты А.А. Ешмановтың шілде айының басында 100 мың теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу фактісі. Қазіргі уақытта аталған қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. ӨҚБ бастығы, полиция подполковнигі Құрманов кездесуге қатысушыларды өткізілген қызметтік тергеу шараларымен таныстырды. Нәтижесінде Тәртіптік комиссия жол-патрульдік полициясының қызметкерлерін ішкі істер органдарынан шығаруды және барлық деңгейдегі басшыларға ең қатаң жазалар қабылдауды ұсынды. Аталған факті бойынша әкімшілік полиция бөлімшелерінің жұмысына жауапты, Петропавл қ. ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры А.Ж. Смағұлов қызметінен босатылды.

![СҚО ІІД және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірлескен отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/n3I2xM64uId159M0P2h8Hzi9vYSMM4.jpg)

Бұған қоса, делдалы арқылы жүргізуші куәлігін алу үшін эмтиханнан сүріндірмеуге азаматтан 70 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бопсалаған, СҚО Қызылжар ауданының мемлекеттік автоинспекторы, аға лейтенант Қ.Ф. Байқадамовқа қатысты сотқа дейінгі іс жүргізілуде. Отырыс барысында осыған дейін жол жүру ережелерін тапсыруға теориялық және тәжірибелік емтихандарды қабылдау, авто көлік жүргізу, жүргізуші куәліктерін әзірлеу және беру сияқты мемлекеттік қызмет көрсетулерді жүзеге асырған, Қызылжар ауданы ІІБ тіркеу-эмтихан бөлімшесін Петропавл қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі СҚО ІІД бірлесіп құқық қорғау саласындағы жемқорлық сипаттарын алдын-алу мақсатында ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелерінің жұмысына талдау жүргізген. Нәтижесінде айтарлықтай кемшіліктер ІІД Тәртіптік комиссиясының қарауына себеп болған, салдарынан бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды: Қызылжар ауданының ІІБ бастығының орынбасары Н.Б. Қожағұлов, ІІБ ӘПБ бастығының орынбасары А.С. Айтеев қызметтерінен босатылды; ІІД ӘПБ бастығының м.а. С.С. Мусинге қатаң сөгіс, ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Ғ. Идрисовке қатаң сөгіс жарияланды. Кейінрек, әкімшілік полиция басқармасының жұмысын бақылайтын, ІІД бастығының орынбасары өз ниетімен қызметінен босатылды.

![СҚО ІІД және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірлескен отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/5Xu6IJtxkI09h80OnBCY76M9s0Ut5b.jpg)

Ведомство басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов мұндай фактілерге қатаң әрекет ету тәжірибесі тұрақты түрде жүзеге асырылатындығын ескертті. Қазіргі уақытта облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша ІІД өзара іс-әрекеттердің бірлескен жоспары негізінде, мемлекет өмірінің түрлі салаларында жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Мемлекеттік қызметті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы реформалау жүзеге асырылуда.

![СҚО ІІД және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірлескен отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/phmhdOb85mEnn4kauZZTcZY8F2i61d.jpg)

«Нормативті-құқықтық акті мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбеті мен мәдениетін реттеуге бағытталған. Бұдан былай жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершіліктің орнына әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын болады. Мемлекеттік қызметшінің жаңа этикалық кодексі аталған жұмыстың басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұған негіз «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» аясындағы мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасы»- деп түйіндеді, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің Тәртіптік Кеңес хатшылығының меңгреушісі Жанат Жұмабаев. Баяндама барысында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қаралған қылмыстық істерден мысалдар келтіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қатаң сақталу қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді. Азаматтарда жемқорлыққа қарсы иммунитет, оны бұқаралық айыптау мәдениеті болған жағдайда ғана, тиісті нәтижеге қол жеткізілетіндігін атап өткен жөн.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-iid-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmetini-birlesken-otyrysy-527440](https://yvision.kz/kk/post/s-o-iid-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmetini-birlesken-otyrysy-527440)