---
title: "СҚО-да жыл басынан бері өткен жылдары жасалған 300-ден астам қылмыс ашылған"
description: "Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында облыстық ІІД бастығы полиция генерал..."
author: "dvd_sko"
published: "2015-08-21T03:03:36+00:00"
modified: "2015-08-21T03:03:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-zhyl-basynan-beri-tken-zhyldary-zhasal-an-300-den-astam-ylmys-ashyl-an-531852"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-zhyl-basynan-beri-tken-zhyldary-zhasal-an-300-den-astam-ylmys-ashyl-an-531852/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-да жыл басынан бері өткен жылдары жасалған 300-ден астам қылмыс ашылған

> Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында облыстық ІІД бастығы полиция генерал...

![СҚО-да жыл басынан бері өткен жылдары жасалған 300-ден астам қылмыс ашылған](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/mKO80lDkWsO975Wu8ubF7wFINj4f42.jpg)

Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында облыстық ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләловтің бастамасымен «өткен жылдар» санатындағы қылмыстардың бетін ашу жөніндегі жедел-тергеу тобы құрылды. Ай сайын оның төрағалық етуімен ашылмаған қылмыстар жөнінде жедел-тергеу топтарын тыңдау бойынша жұмыс кеңестері өткізіледі.

Биылғы жылы солтүстікқазақстандық жедел уәкілдермен «өткен жылдар» санатындағы 313 қылмыс ашылды, оның 293-і шағын және орташа ауырлықтағы, 19-ы ауыр және кісі өліміне қатысты қылмыстар. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасаған қылмыскерлерді іздестіруге ерекше мән беріледі. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жыл басынан бері 24 қылмыскер ұсталды, оның 9-ы «өткен жылдар» санатынан.

Петропавлда кәсіпкерді өлтірген Қазақстанның азаматы 7 жыл іздеуде болды. Қазақстандық және ресейлік полицейлердің тығыз өзара іс-қимылы арқасында іздеуде жүрген азамат үстіміздегі жылдың наурыз айында Свердлов облысының Екатеринбург қаласында ұсталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, 23-жастағы петропавлдық 2007 жылы қылмыс жасаған соң құқық қорғау органдарынан жасырынған. Соңғы жылдары ол Ресейде тұрған және бір қаладан екінші қалаға көшіп жүрген.

«Өткен жылдар» санатындағы қылмыстардың бетін ашу жөніндегі жедел-тергеу топтарының қызметін жандандыру нәтижесінде үлкен резонанс тудырған қылмыстар ашылды. Жедел-тергеу топтарының осындай форматта ұйымдастырылуы криминогендік жағдай мен тұрғындардың полицияға деген сенімінің деңгейіне оң әсерін беруде. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қала тұрғындарынан оң пікірлер мен полиция қызметкерлерін көтермелеу туралы өтінішхаттар келіп түсуде. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстар басқа елдердегі әріптестермен, әсіресе, Ресей Федерациясындағы әріптестермен өзара іс-қимыл жасасуға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде, қылмыстарды ашуда, демек, бүкіл достастық тұрғындарының сенімі бойынша өз нәтижелерін берді», - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов.

 

**Динара Сағындықова, СҚО ІІД баспасөз қызметі**

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-zhyl-basynan-beri-tken-zhyldary-zhasal-an-300-den-astam-ylmys-ashyl-an-531852](https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-zhyl-basynan-beri-tken-zhyldary-zhasal-an-300-den-astam-ylmys-ashyl-an-531852)