---
title: "СҚО-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды."
description: "СҚО-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды.Солтүстік Қазақстан облысында ..."
author: "mvdgovkz"
published: "2013-11-26T21:07:07+00:00"
modified: "2013-11-26T22:51:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-yelderge-atysty-zorly-zombyly-syz-16-k-n-akciyasy-bastaldy-386909"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-yelderge-atysty-zorly-zombyly-syz-16-k-n-akciyasy-bastaldy-386909/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды.

> СҚО-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды.Солтүстік Қазақстан облысында ...

СҚО-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды. Солтүстік Қазақстан облысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасатын науқан «Үйдегі тыныштықтан жер бетіндегі бейбітшілікке - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық!» деген ұранымен өткізіледі», - деді ІІД баспасөз қызметінің бастығы Мәдина Балғашұқова. Шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері жұмылдырылады. Акцияның негізгі мақсаты - бұқара халықты әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетпеуге шақыру, алдын алу. Сонымен қатар, нәзік жандарға қол көтеруге бейім тұратын адамдармен алдын алу жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-yelderge-atysty-zorly-zombyly-syz-16-k-n-akciyasy-bastaldy-386909](https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-yelderge-atysty-zorly-zombyly-syz-16-k-n-akciyasy-bastaldy-386909)