---
title: "СҚО-дағы кәсіпорыннан 45 келі сынап табылды"
description: "Солтүстік Қазақстан полициясы \"Дәрмек\" алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңін аяқтады. Оның мақсаты есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталды болды. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 55..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-05T10:32:08+00:00"
modified: "2024-03-05T10:32:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-y-k-siporynnan-45-keli-synap-tabyldy-1001910"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-y-k-siporynnan-45-keli-synap-tabyldy-1001910/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-дағы кәсіпорыннан 45 келі сынап табылды

> Солтүстік Қазақстан полициясы "Дәрмек" алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңін аяқтады. Оның мақсаты есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталды болды. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 55...

*Солтүстік Қазақстан полициясы "Дәрмек" алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңін аяқтады. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/3158ae2b36b6e370a72f10d6a62d3c.jpg)

Оның мақсаты есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталды болды. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 55 өнеркәсіптік және медициналық мекемені тексерді. Он үш нысанда фармацевтикалық қызмет ережелерінің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласының әртүрлі бұзушылықтар анықталды.

"Құрамында есірткі бар препараттарды сақтау мен пайдаланудың қатаң ережелері олардың "қара нарыққа" енуіне жол бермеу үшін қажет. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға қатысты 24 әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 16 килограмм 720 грамм прекурсорлар, 1030 ампула және 120 психотроптық дәрілер, 394 есірткі заттарының ампулалары тәркіленді. Сондай-ақ, кәсіпорындардың бірінде жойылуы тиіс болатын сынаптың қоры табылды. Улы заттың 45 келісі тәркіленді", — деп түсіндіреді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров.

Сонымен қатар, күнделікті жедел жұмыс жалғасты. Іс-шараны өткізу кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеп, екі өткізу фактісінің жолын кесті".

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-y-k-siporynnan-45-keli-synap-tabyldy-1001910](https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-y-k-siporynnan-45-keli-synap-tabyldy-1001910)