---
title: "СҚО-да Солтүстік өңірдегі қалалық басқармалар мен аудандық ішкі істер бөлімдері бастықтары орынбасарларының жұмыс кездесуі өтті"
description: "Қазіргі заманғы полицей қандай болуы керек, полицейлер жұмысының сапасын арттыруда қандай шаралар қ..."
author: "dvd_sko"
published: "2015-08-21T03:19:04+00:00"
modified: "2015-08-21T03:19:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-solt-stik-irdegi-alaly-bas-armalar-men-audandy-ishki-ister-b-limderi-basty-tary-orynbasarlary-531859"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-solt-stik-irdegi-alaly-bas-armalar-men-audandy-ishki-ister-b-limderi-basty-tary-orynbasarlary-531859/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-да Солтүстік өңірдегі қалалық басқармалар мен аудандық ішкі істер бөлімдері бастықтары орынбасарларының жұмыс кездесуі өтті

> Қазіргі заманғы полицей қандай болуы керек, полицейлер жұмысының сапасын арттыруда қандай шаралар қ...

![СҚО-да Солтүстік өңірдегі қалалық басқармалар мен аудандық ішкі істер бөлімдері бастықтары орынбасарларының жұмыс кездесуі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/RuN7vCP1v8ax413NvYieVCvz6H6SxB.jpg)

Қазіргі заманғы полицей қандай болуы керек, полицейлер жұмысының сапасын арттыруда қандай шаралар қабылданып жатқаны және тағы басқа сұрақтар СҚО ІІД-де өткен жұмыс кеңесінің басты тақырыбы болды. ҚР ІІМ оқу-әдістемелік жиындары аясында солтүстікқазақстандық полиция ведомствосында Астана қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және көліктегі ІІД, қалалық басқармалар мен аудандық ішкі істер бөлімдері бастықтары орынбасарларының жұмыс кездесуі өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – полиция бөліністерінің кәсібилігін нығайту және жеке құрамды тәрбиелеу бойынша жұмыстағы негізгі әдістер мен басымдықтарды көрсету. Іс-шара қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезде қаза болған Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды.

СҚО ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов полицейлер жұмысының сапасын арттыруға бағытталған полиция ведомствосында қабылданып жатқан ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар жайында баяндады. «Кадрларды сапалы таңдау мен орналастыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген нақты 100 қадамды жүзеге асыру аясында Президенттің 5 реформасын орындау бойынша ішкі істер органдары жұмысы бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты, СҚО ІІД-де кәсіби дайындықпен қатар, қызметкерлердің рухани және моральдық-этикалық тәрбиесіне зор мән беріледі», - атап өтті Берік Біләлов.

Сондай-ақ, кеңесте айтылғандай, жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Ішкі істер департаментінде полиция қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мен ынталандыру бойынша нақты шаралар қабылдануда. Қызметкерлерге тоқсан сайын сыйақы беру де іске асырылады. Бұған үстіміздегі жылы 100 млн.теңге шамасында қаражат бөлінді. Сонымен қатар, осы бағыттағы жұмыстар жайында СҚО Ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Михаил Бедных мәлімдеді. Жұмыс кездесуі СҚО ІІД ересек және балалар вокалдық топтарының өнерін көрсетуімен аяқталды.

**Динара Сағындықова, СҚО ІІД баспасөз қызметі**

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-solt-stik-irdegi-alaly-bas-armalar-men-audandy-ishki-ister-b-limderi-basty-tary-orynbasarlary-531859](https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-solt-stik-irdegi-alaly-bas-armalar-men-audandy-ishki-ister-b-limderi-basty-tary-orynbasarlary-531859)