---
title: "СҚО-да полиция басшылығы халықтың ішкі істер органдарына деген сенімінің деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде"
description: "Ішкі істер департаментінің басшылығы қызметкерлері халыққа қызмет көрсету саласында күн сайын қызме..."
author: "dvd_sko"
published: "2015-08-21T04:12:12+00:00"
modified: "2015-08-21T04:12:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-policiya-basshyly-y-haly-ty-ishki-ister-organdaryna-degen-senimini-de-geyin-arttyru-boyynsha--531881"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-policiya-basshyly-y-haly-ty-ishki-ister-organdaryna-degen-senimini-de-geyin-arttyru-boyynsha--531881/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-да полиция басшылығы халықтың ішкі істер органдарына деген сенімінің деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде

> Ішкі істер департаментінің басшылығы қызметкерлері халыққа қызмет көрсету саласында күн сайын қызме...

![СҚО-да полиция басшылығы халықтың ішкі істер органдарына деген сенімінің деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/kzctZZg994FlceutUnMks4mcR6aVi0.jpg)

Ішкі істер департаментінің басшылығы қызметкерлері халыққа қызмет көрсету саласында күн сайын қызмет атқарып жүрген полиция бөліністеріне тексеру жүргізуде. ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов Петропавл қаласы ІІБ-ның екінші полиция бөлімін, Көші-қон және Әкімшілік полиция басқармаларын, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын жеке өзі барып тексерген болатын.

ІІД бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру әрдайым облыстық полиция басшылығының жеке бақылауында. Полиция қызметкерлерінің басты мақсаты: құқық қорғау органдарына халық сенімінің деңгейін арттыру. ІІД Көші-қон полиция басқармасы Жұмабаев көшесі, 118 үй мекенжайы бойынша Петропавл қаласы ІІБ әкімшілік ғимаратында орналасқан. Мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы көрсетуді қамтамасыз ету үшін бөліністің үй-жайларына косметикалық жөндеу жүргізілді. Тиісті өткізу режимін жүзеге асыру мақсатында электронды құлпы бар пластикалық есік орнатылып, төменгі басқарушы құрамның қызметкерімен бақылау-өткізу пункті ұйымдастырылды. Инспекторлар үшін ғимараттан қосымша бөлмелер берілді.

Петропавл қ. ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы Гүлнәр Қуандықова нақтылағандай, көші-қон полициясы шетел азаматтарын уақытша тіркеу, ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұру орнына шығу, визаларды ресімдеу, ҚР тұрақты тұру орнына қалдыру, ҚР азаматтығын алу мәселелері бойынша күн сайын 120-ға жуық азаматты қабылдайды. Осылайша, көші-қон полициясы тұрғындарға үздіксіз және сапалы қызмет көрсету бойынша барлық жағдайларды жасайды. Қызметтік үй-жайларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымдастыру техникасы жаңартылды.

Келесі тексеру пункті: Әкімшілік полиция басқармасы. Жұмысты тиісті ұйымдастыру мақсатында Басқарманың барлық жеке құрамы Володарский көшесі, 18 үй мекенжайы бойынша орналасқан ІІД-нің әкімшілік ғимаратына көшірілді. ІІД бастығымен үй-жайларға жөндеу жұмыстарын және ғимарат маңына аббаттандыру жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Бензострой ықшам ауданы, Нефтепроводная көшесі, 1 «в» мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында да болды. ІІД бастығын халыққа қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру мен ІІД-нің тіркеу және емтихан жұмыстары бөлімінің қызметі қызықтырды.

**Нұрбек Баекин,**

**СҚО ІІД баспасөз қызметі**

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-policiya-basshyly-y-haly-ty-ishki-ister-organdaryna-degen-senimini-de-geyin-arttyru-boyynsha--531881](https://yvision.kz/kk/post/s-o-da-policiya-basshyly-y-haly-ty-ishki-ister-organdaryna-degen-senimini-de-geyin-arttyru-boyynsha--531881)