---
title: "СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі: Біздің мақсат — 100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша депар..."
author: "finpolsko"
published: "2015-07-31T03:34:10+00:00"
modified: "2015-07-31T03:34:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-boyynsha-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-bizdi-ma-sat-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-egzhey-tegzh-526060"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-boyynsha-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-bizdi-ma-sat-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-egzhey-tegzh-526060/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі: Біздің мақсат — 100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша депар...

![СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі: Біздің мақсат — 100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/tnl03xCUbtfK3YcHjx2RzQE6xdVT2M.jpg)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті Мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру жөніндегі кездесулерін белсенді өткізуде. Ағымдағы жылғы 30 шілдеде мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды талқыға салу мақсатында «100 нақты қадам – Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолы» тақырыбындағы семинарлар өңіріміздің Жамбыл және Мамлют аудандарындағы мемлекеттік органдарда өтті. Кездесулер барысында мемлекеттік қызметке өту, соның ішінде еңбек төлемінің факторлық-балдық шкаласын енгізу, кандидаттарды төменгі лауазымдарға сұрыптау және мансаптық жоғарылату, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды және мемлекеттік қызметті жаңғырту жөнінде ұсыныстар тыңдалды.

![СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі: Біздің мақсат — 100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/vHsxB9K31kymXGTsiCcj4if0JamNbg.jpg)

«Іс-шаралардың негізгі мақсаты – «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу және елге оның маңыздылығын жеткізу болып табылады. Бұл тұрғыда аумақтарда бастамаларды қолдайтын белсенді топтарды құру, мемлекеттік қызметшілерді жаңа жұмыс талаптарына дайындау негізге алынған» - деп мәлімдеді, Департамент басқармасының басшысы С.Н. Зайцева. Бұқараның аталған реформаларда алатын орны ерекше және олардың сәтті жүзеге асырылу мақсатында түсіндірме жұмыстары жалғасын табады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-boyynsha-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-bizdi-ma-sat-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-egzhey-tegzh-526060](https://yvision.kz/kk/post/s-o-boyynsha-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-bizdi-ma-sat-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-egzhey-tegzh-526060)