---
title: "СҚО-ға жыл басынан алыс шетелден 8 азамат тұрақты тұруға көшіп келді"
description: "Олардың бірі - 89 жастағы зейнеткер туған жеріне көшіп келуге ниет білдірді. Ол 2004 жылы АҚШ-қа қы..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-06-12T13:07:04+00:00"
modified: "2019-06-12T13:07:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-a-zhyl-basynan-alys-shetelden-8-azamat-t-ra-ty-t-ru-a-k-ship-keldi-834361"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-o-a-zhyl-basynan-alys-shetelden-8-azamat-t-ra-ty-t-ru-a-k-ship-keldi-834361/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-ға жыл басынан алыс шетелден 8 азамат тұрақты тұруға көшіп келді

> Олардың бірі - 89 жастағы зейнеткер туған жеріне көшіп келуге ниет білдірді. Ол 2004 жылы АҚШ-қа қы...

Олардың бірі - 89 жастағы зейнеткер туған жеріне көшіп келуге ниет білдірді. Ол 2004 жылы АҚШ-қа қызының қолына көшіп кеткен. 15 жылдан кейін Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға құжаттарын берді. «Мен осы жерде туып, өстім. Фабрикада, автобус паркінде жұмыс істедім. Күйеуіміз екеуміз алты баланы дүниеге әкелдік. Шетелге 75 жасымда қоныс аудардым. Бірақ көшкеннен елді сағынумен болдым. Қайтып келгеніме қуаныштымын. Бұл жерде менің туыстарым, немерелерім мен жиендерім тұрады», - дейді Вера Ивановна Бурлакова.

АҚШ-тың тағы бір тұрғыны Кристен Дениелсон Қазақстанға көшіп келгісі келеді, тұрақты тұруға құжаттарын ұсынуды жоспарлап отыр. СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасына 52 жасар шетелдік азаматша құжаттарын маусымның 7-і тапсырды. Әзірше тек бір айға ғана тіркелді. Айтуынша, шетелдік 2016 жылы солтүстікқазақстандықпен танысып, енді қалған өмірін соның Отанымен байланыстырмақшы.

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция майоры Талғат Әбіловтың айтуынша, тұрақты мекенжайға тіркелу үшін екі айға жуық уақыт кетеді. Өтініш бермес бұрын бірқатар құжаттарды әзірлеу қажет. Ең алдымен көшетін елден кету парақшасын және соттылық жөнінде анықтама алу қажет. Сондай-ақ, қажетті құжаттар тізіміне енгізілетіндер: өтініш берушінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты; Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі; өз қолымен толтырылған өмірбаян; өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат (этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда); өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім; медициналық куәландыру анықтамасы; фотосурет. Қажетті толық мағлұматты СҚО ПД веб-порталынан алуға болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-o-a-zhyl-basynan-alys-shetelden-8-azamat-t-ra-ty-t-ru-a-k-ship-keldi-834361](https://yvision.kz/kk/post/s-o-a-zhyl-basynan-alys-shetelden-8-azamat-t-ra-ty-t-ru-a-k-ship-keldi-834361)