---
title: "С.Нұрғалиев Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында екі алтын жеңіп алды"
description: "Солтүстік Ирландияда өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында Қазақ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-06T23:30:14+00:00"
modified: "2013-08-06T23:30:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-n-r-aliev-d-niezh-zilik-policeyler-men-rt-s-ndirushiler-oyyndarynda-eki-altyn-zhe-ip-aldy-367486"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-n-r-aliev-d-niezh-zilik-policeyler-men-rt-s-ndirushiler-oyyndarynda-eki-altyn-zhe-ip-aldy-367486/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# С.Нұрғалиев Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында екі алтын жеңіп алды

> Солтүстік Ирландияда өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында Қазақ...

# [!\[С.Нургалиев\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/1059965855075d3504a56a337b4502b5-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/1059965855075d3504a56a337b4502b5.jpg)

Солтүстік Ирландияда өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны Серік Нұрғалиев ел қоржынына қос алтын салды, деп хабарлайды [BNews.kz](http://www.bnews.kz/kk/) команданың баспасөз қызметкері Ринат Тасболатовқа сілтеме жасап.

«С.Нұрғалиев Бенчпресс (жатып сығымдап көтеру) және пушпуллифтинг (күштік қоссайыс) күш сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп, екі рет алтын тұғырға көтерілді», — делінген Тасболатовтың хабарламасында.

Айта кетейік, спортшы таяуда жаттығу барысында ауыр жарақат алған болған, соған қарамастан ол үмітті ақтап отыр.

 

www.bnews.kz».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-n-r-aliev-d-niezh-zilik-policeyler-men-rt-s-ndirushiler-oyyndarynda-eki-altyn-zhe-ip-aldy-367486](https://yvision.kz/kk/post/s-n-r-aliev-d-niezh-zilik-policeyler-men-rt-s-ndirushiler-oyyndarynda-eki-altyn-zhe-ip-aldy-367486)