---
title: "Сән әлеміндегі «сымбат»"
description: "«Muslim wear» сән индустриясының өнімдері – әлемдік бренд. Ерекше фасондағы киімдер сәнқой әйелдер ..."
author: "medinarebrova"
published: "2015-09-04T02:26:44+00:00"
modified: "2015-09-04T02:26:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-n-lemindegi-symbat-536202"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-n-lemindegi-symbat-536202/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сән әлеміндегі «сымбат»

> «Muslim wear» сән индустриясының өнімдері – әлемдік бренд. Ерекше фасондағы киімдер сәнқой әйелдер ...

**«Muslim wear» сән индустриясының өнімдері – әлемдік бренд. Ерекше фасондағы киімдер сәнқой әйелдер қауымына ұсынылып отыр. Жақында отандасымыз Әсел Бүтінбаева әйгілі коллекцияның еліміздегі ресми дилері атанды. Осы орайда біз Әсел ханымнан сұхбат алдық.**

– **«Muslim wear» коллекциясы жайлы толығырақ айтып бересіз бе? Коллекцияның еліміздегі дилері атануыңызға не себеп болды?**

– Сән әлемі жаңа пайда болған ұғым емес. Мен исламиат қабылдағаннан бастап, барлық киім-кешегімді ауыстырдым. Өзіме ұнайтын, қолайлы, сапалы, бағасы жүйелі мұсылмандық киімдерді табу өте қиын болды. Сол кезде менде неге мұсылман қыздарына да сәнді, ашық түсті, ыңғайлы киімдер шығармасқа деген сұрақ туындады. Бірінші рет «Muslim wear»-ға кездескенде, осындай бренд бар екенін естідім. Маған киімдері қатты ұнады. Тұңғыш ғаламтордан көргенімде, шындап келгенде, суреттен сапасын дұрыстап көре алмайсың. Тапсырыс беру арқылы брендтің киімін киіп көргенімде барлық жағынан ойымнан шықты. Атап өтсем: сапасы, ыңғайлылығы, тек той-томалаққа киетін киімдер емес, жалпы кеңсе орындарында жұмыс істейтін қыздарға да арналған коллекциялары бар екен.

– **Қандай фасондағы киімдерге көп тапсырыс болады? Көйлектің үлгісіне қолданылатын кездемелердің сапасына қаншалықты көңіл бөлесіздер? Өндірістік ақаулар болып тұра ма?**

– Өндірістік ақаулар болмайды. Ал тапсырыс көбіне кеңсе киімдері мен ұлттық нақышта тігілген киімдерге көп. Мысалы менің үстімде түгел «Муслима»-ның киімі. Костюм, кофта ассортименттері, жүкті әйелдерге арналған фасондар, тойға киетін киімдерге де тапсырыс жоғары. Дегенмен, болашақта күнделікті киілетін киімдерге көп көңіл бөлуді жоспарлап жатыр.

– **Дизайнерлік марка сәнді көйлек пен костюм топтамаларын, алуан бұйымдар ассортиментін, бас киімдер шығаратыны белгілі. Аталған өнімдер өзге сән дизайнер жұмыстарынан несімен ерекшеленеді?**

– Акцент ұлттық нақыштар мен қазақи өрнектерге қойылады. Дәл осы ерекшелігімен өзге сән дизайнерлерінен алға суырылып шықты. Франциядан кейін менің пікірмше, нақ осы сән жағынан Түркияда бәсекелестік өте жоғары, қатты дамыған. Ал «Muslim wear» осылардың ішінен ерекшелене білгені, негзін қалаушы Амина Федоренко үшін өте зор жетістік деп ойлаймын. Ұлттық өрнектерге қатты акцент берілгендіктен тапсырыс жоғары.

– **Сіздің пікіріңізше, «Muslim wear» стиліндегі идеалды әйелдің бейнесі қандай?**

– Киіну әдебімен таныс, ұқыпты, иманды, талғамы жоғары, ішкі мен сыртқы дүниесі бірдей сұлу, нәзік бейне.

– **Алдағы уақытта аталмыш коллекцияға байланысты қандай жоспарларыңыз бар?**

– Қазір бір ғана жоспарым бар – ол брендті алға қарай жетілдіру. Әлемге, Қазақстандағы мұсылман қыздарына таныту, әрине. Көпшілік әлі біле бермейді. Елімізде бутиктер екі қалада ғана бар. Басқа қалаларда да ашылғанын қалаймын. Ал «Muslim wear»-дің жоспары, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған коллекциялар шығып жатыр. Алдағы уақытта спорттық киімдер, күнделікті киімдер, сондай-ақ осы аталған киімдердің барлығына кішкентай өлшемнен бастап үлкеніне дейін шығаруды жоспарлап отыр.

– **Әйелдер қауымының мұсылман қыздарына арналған киімдерге, жабық киінуге қызығушылық пен сұраныстың артуы неде?**

– Мен осы киімдерді тұңғыш кигенімде біріншіден ыңғайлылықты сезіндім, екіншіден бұл өте сәнді, жарасымды тұрды үстімде. Мен де бастапқыда гардеробымды ауыстырғанда жабық, ұзын, сәнді киімдер іздедім. Осы жағдайдан мен секілді біраз қыздар өтті деп ойлаймын. Үйге киетін, күнделіті киетін киімдер шығаратын дизайнерлерде бәсекелестік көп. «Муслима»-да кеңсе киімдері, жүкті әйелдерге арналған фасондар, сондай-ақ ұлттық оюлармен безендірілген киімдер. Осынысымен ол ерекше.

– **Қоғам жабық киінген әйелді қалай қабылдайды?**

– Негізі әр адамның ішінде, жүрегінде, рухы әрине қалайды. Адамдар сырт көзден аяқ тартады. Анау не ойлайды, мынау не айтады деп жүретіндер бар, алға суырылып шығуға қорқады. Бірі әке-шешесіне қарсы шыққысы келмейді, күйеуі ұнатпай қалады ма деп қорқады. Бастапқыда мен де исламиатты қабылдағанымда күйеуім қалай қабылдайды екен деп ойлап жүрдім. Сырта шаштарын жайып, боянып-сыланып, қысқа киініп алған қыздарды көріп сезімі әлсірейді ме деп қорқатынмын. Керісінше, оның құрметі, сүйіспеншілігі артты. Тіпті қызым бірінші рет орамал тағып оқуға барғанында ортасы құрметпен қабылдады. Оның көзінше сыныптастары жаман сөз айтуға ұялып, жол беріп жатты.

– **Бренд бутиктерін еліміздің қай қалаларынан таба аламыз? Бағасы қолжетімді ме?**

– «Муслима»-ның киімдерінің матасы болсын, тігісі болсын – өте сапалы. Бағалары қолжетімді. Мысалы, тура осы сапада басқа брендтер өте қымбат сатып жатқанын өзім көрдім. Ал мұның барлық талғамға сай болғаныменен бағасы орта. Киімдер тек қана Стамбұлда тігіледі, еліміздің екі қаласына тапсырыс бойынша алып келінеді.

**–** **Әңгімеңізге рахмет!**

**Әңгімелескен**

**Мадина РЕБРОВА**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-n-lemindegi-symbat-536202](https://yvision.kz/kk/post/s-n-lemindegi-symbat-536202)