---
title: "Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді"
description: "Айжан Байтанова журналист Әйел үшін сөмкенің маңызы туралы сөз қозғау да артық шығар. Сөмке тек ак..."
author: "Arsik"
published: "2013-09-11T00:22:50+00:00"
modified: "2013-09-11T00:22:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-mke-izde-ne-bar-astanaly-syrlas-rbylar-zhauap-beredi-373163"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-mke-izde-ne-bar-astanaly-syrlas-rbylar-zhauap-beredi-373163/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді

> Айжан Байтанова журналист Әйел үшін сөмкенің маңызы туралы сөз қозғау да артық шығар. Сөмке тек ак...

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Gzzl7Y9ze4eq6hyk9IM6U907xAws55.jpg)

**Айжан Байтанова**

журналист

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/7PK31hE47b3qRedr2wxpurK5G4LTew.jpg)

*Әйел үшін сөмкенің маңызы туралы сөз қозғау да артық шығар. Сөмке тек аксессуар ғана емес, образды толықтырып тұратын, ең маңызды заттарымызды сақтайтын «көмекшіміз».*

*Қазнет аруларының сырлас құрбылары — сөмкелері — туралы айдарымыздың бүгінгі екі кейіпкері **Эльвира Ерғалина** мен **Айжан Сапарова**.*

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/BX8R79XPNeFvv3w6kKpMVRahgmL8eQ.jpg)

**[Эльвира](https://www.facebook.com/elvira.ergalina)** Қазнетте @[Айқаракөз](https://twitter.com/aikarakoz) нигімен белгілі. Сөмкесінде міндетті түрде ылғалдандырушы крем, әтір және әмиян болуы қажет.

*- Астанаға келгеннен бері, ылғалдандырушы крем менің күнделікті must have-ым болып кетті*, - дейді өзі.

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/KjAoMYk45oX626hvw74MlxqxSFkZ3v.jpg)

Қыздар сөмкесіндегі заттардың қанша пайызын косметика алады екен? Бұны санап жатудың қажеті де жоқ, төмендегі екі суретті салыстырсаңыз болды, жауабы дайын-ақ тұр.

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/PN3MZx0rMQ60NS1e0CCwFHiG6xf9Dw.jpg)

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/O1460x64C94JokzOXxmWRqw8s9ZxLC.jpg)

Жиырма бірінші ғасырда үнемі байланыста болу өте маңызды, сондықтан қуаттандыру құралын өзімен бірге алып жүрмейтін адамды кездестіру қиын.

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/rszyI7d8qr5aVLAKonsCqo4gy28N6R.jpg)

**[Айжанның](https://www.facebook.com/aijan.sonya)** Қазнеттегі белсенділігі туралы хабардар болғыңыз келсе, гуглдан Айжан Табын деп те тауып алуға болады.

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/KYZP2Il82kKnuEpu66YK4W3YXSbYEu.jpg)

"Туфлидің көптігі жоқ" демекші, Айжан үшін сөмкеден артық аксессуар жоқ екен.

*- Менде қырықтан астам сөмке бар, олардың арасында бағасы екі мың доллардан асатын бренд үлгілері де, мүлде қымбат еместері де бар. Мысалы, мына сөмке - Қытайдан келген сыйлық.*

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/NL2gVzSy8m79dOfYjGCXknBB4wDI09.jpg)

Сөмкесі шағын болғандықтан ба, косметикадан Айжан өзімен небәрі бір әтір, екі далап, айна, тарақ пен шаш қыстырғыш алып жүреді екен. Нумизмат арудың сөмкесінен шетелдік тиындарды табуға да болады.

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/1x133rIeAGLa71Z9aP4t4538CSn5lH.jpg)

*- Үйден сөмкеме телефоным мен портативті қуаттандыру құралын салмай шықпаймын. Міндетті түрде өзіммен әтір алып жүремін, бірақ оны жағдайға байланысты таңдаймын*, - дейді Айжан.

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/Z6OmyTAYdqUfdbId02U0mb71UjsIMS.jpg)

![Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/AnJ3h8E7Sl35FlSyiKrOj7Rt356DwT.jpg)

Қыздардың сөмкесінде тәртіптен басқаның бәрін табуға болады деген пікірді ғаламтордан жалқау ғана кездестірмеген шығар. Сіздің сөмкеңіздегі жағдай қандай? Ішінде не бар? «Екпінмен» бөлісе жүріңіз :)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-mke-izde-ne-bar-astanaly-syrlas-rbylar-zhauap-beredi-373163](https://yvision.kz/kk/post/s-mke-izde-ne-bar-astanaly-syrlas-rbylar-zhauap-beredi-373163)