---
title: "Сөмкеңізде не бар?"
description: "Айжан Байтанова журналист «Екпін» астаналық арулардың сөмкелеріне әлі де қызығушылық тан..."
author: "Arsik"
published: "2013-10-08T23:35:00+00:00"
modified: "2013-10-09T02:49:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-mke-izde-ne-bar-378311"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-mke-izde-ne-bar-378311/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сөмкеңізде не бар?

> Айжан Байтанова журналист «Екпін» астаналық арулардың сөмкелеріне әлі де қызығушылық тан...

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/1RuE832e9q8tQJNsi53cD6U1dS23qu.jpg)

**Айжан Байтанова**

журналист

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/SxVgxeeJHvl1jUcieeyr4GyO4lrN7d.jpg)

*«Екпін» астаналық [арулардың сөмкелеріне](http://yvision.kz/post/373163)әлі де қызығушылық танытып жүр. Бүгін **Әйгерім Кеулімжай** мен **Айгүл Жамалованың** «сырлас құрбыларына» фотосаяхатты тамашалаймыз.*

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/JUJ52poGWWTe4Qxv3Ef6IDw9kQ5rH6.jpg)

[Әйгерім](https://www.facebook.com/aigerim.keulimzhai) Қазнетте @[AKY](https://twitter.com/Aigerim_AK) нигімен белгілі. Сөмкесіне үнемі салып жүретін үш нәрсе туралы қойылған сұраққа "кілт, әмиян және телефон" деп жауап берді. Өзінің айтуынша, тарақтың болғаны да артық емес.

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/CM5CtsWka5BDvmORaurvf506LpdH4E.jpg)

- Бұл сөмкемді Болгарияға іссапарға барған кезімде алып едім,- дейді Әйгерім.

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/Zyq1cHdP8U38XiE6ihnl7JDGDKOBF3.jpg)

Италиядан әкелінген кілт салпыншағының арғы жағында дискілі күнтізбе орналасқан.

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/e9FvCV68mFR8q6KTVAlbWhwe4f5sXx.jpg)

Ювижендағы алғашқы блогшылардың бірі [Айгүл Жамалованы](https://www.facebook.com/profile.php?id=100001595314867) @[Aigul4itai](https://twitter.com/Aigul4itai) нигі бойынша оңай тауып ала аласыздар.

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/x48DwX4Ko1GSyi52f99bC6k75cESJo.jpg)

- Мен үшін сөмке тек қажет нәрселерімді тасымалдаушы құрал ғана, мүлдем сөмкеқұмар емеспін,- дейді өзі.

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/UIwSN4JH3E0BjNsB2PgURQmaAKCTZ6.jpg)

Айгүлдің сөмкесінде міндетті түрде әмиян, қызметтік куәлік және телефон болуы керек.

- Мен өзім еркіндікті жақсы көремін. Кейде телефонымды өшіріп, үйге тастап та кеткім келеді. Бірақ, мамандығым ондай мүмкіндік бермейді, біз тәулігіне 24 сағат байланыста болуымыз керек, - дейді журналист ару.

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/x88ZgZ7udqE19eEESL89r55Rx9rcmG.jpg)

- Бұл паспорт мұқабасын Киевтен алып едім. Оны сатып алудың өзі бір әңгіме болды, дүкенді тауып алуыма үш сағат кетіпті,- деп еске алады Айгүл.

![Сөмкеңізде не бар?](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/4Hxn73N5Zz8MDZ3XFHqUDcxTHoTA93.jpg)

Бүгінгі кейіпкерлеріміздің сөмкелерінде косметиканың басты орын алмайтындығын байқадыңыз ба? Сіздің сөмкеңіз де сондай ма, әлде косметичкаға айналып кеткен бе? :)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-mke-izde-ne-bar-378311](https://yvision.kz/kk/post/s-mke-izde-ne-bar-378311)