---
title: "С.Мәуленов атындағы гимназиядағы \"Алтын күз\" мерекесі"
description: "2018 жылдың қазан айында С.Мәуленов атындағы гимназия шаңырағында кезекті күз мезгілінде болатын ..."
author: "uservk164181367"
published: "2018-11-29T10:28:52+00:00"
modified: "2018-11-29T10:30:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-m-ulenov-atynda-y-gimnaziyada-y-altyn-k-z-merekesi-820590"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-m-ulenov-atynda-y-gimnaziyada-y-altyn-k-z-merekesi-820590/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# С.Мәуленов атындағы гимназиядағы "Алтын күз" мерекесі

> 2018 жылдың қазан айында С.Мәуленов атындағы гимназия шаңырағында кезекті күз мезгілінде болатын ...

2018 жылдың қазан айында С.Мәуленов атындағы гимназия шаңырағында кезекті күз мезгілінде болатын «Алтын күз» кеші өтті. Кеш өте жоғары деңгейде болып, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды. Бұл кешке 5-11 сыныптар қатысты. Кеш сайыс түрінде өтті яғни 3 сайыстан тұрды (таныстыру сайысы, шығармашылық сайысы және дефиле). әрбір сыныптан 2 жұп таңдалып, олар өздерінің өнерлерін көрсетті. Дефиле сайысында оқушылар өздерінің қолынан жасалған киімдерді көрсетіп, шығармашылық сайысында өздері дайындаған өнерлерін таныстырды. Кеш мәресіне жете бере әділқазылар алқасы шешімімен 1-ші орынды иеленген 7"А" сынып оқушылары, 2-ші орын 8"Ә" оқушылары және 3-ші орын иегерлері 8"А" оқушылары. Сонымен қатар "Гран при" иегерлері болып 7"Б" сынып оқушылары иеленді. Сайыскерлердің бәрі мақтау қағазымен марапатталды. Берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін кештердің бірі «Алтын күз» мерекесі. Күз мезгілінде сап-сары алтындай күйге енетін табиғат көркі, пісіп- жетілген жемістер адам жанына берер жылуы мол. Кеш мақсаты оқушылардың әртүрлі іс-шараларға белсен қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру уақыттарын көңілді өткізу. Осындай айдарлы кештер жыл бойына жалғасын табады деп сенеміз! Оқушылар әлі де талай жақсы өнерлерін көреміз деген ойдамыз!!!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-m-ulenov-atynda-y-gimnaziyada-y-altyn-k-z-merekesi-820590](https://yvision.kz/kk/post/s-m-ulenov-atynda-y-gimnaziyada-y-altyn-k-z-merekesi-820590)