---
title: "Сұлулық әлемді құтқарады"
description: "«Сұлулық әлемді құтқарады» - бұл сөйлемді әрқайсымыз бір рет естімедік. Дәл осы тіркес әртүрлі телеш..."
author: "kairatkyzy_dinara"
published: "2017-10-19T21:39:10+00:00"
modified: "2017-10-19T21:44:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-luly-lemdi-t-arady-782294"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-luly-lemdi-t-arady-782294/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сұлулық әлемді құтқарады

> «Сұлулық әлемді құтқарады» - бұл сөйлемді әрқайсымыз бір рет естімедік. Дәл осы тіркес әртүрлі телеш...

***«Сұлулық әлемді құтқарады» - бұл сөйлемді әрқайсымыз бір рет естімедік. Дәл осы тіркес әртүрлі телешоулар мен сұлулық байқаулардың ұранына айналды. Өкінішке орай, мұның бәрі адамның санасына, әсіресе, жастардың санасына, «Адам сырттай сұлу болу керек. Олай болмаса, адам қоғамда да, жұмыста да табысты болмайды. Тек әдемі және көрікті адамдарға ғана өмір жолы ашық» деген стереотипті қалыптастырды.***

***

![Сұлулық әлемді құтқарады](https://storage.yvision.kz/images/user/kairatkyzy_dinara/7ElqP57BtJSZ0dn7vIBy291n70MVI6.jpg)

***

*Шынында, сұлулық дегенді адамдар «тек сыртқы әдемілік» деп түсінеді. Заманауи ғасыр әлемі гламур заңдарына жүгінуді әдетке айналдырды. Кейде, қарапайым адам сән журналдарына көз жүгіртіп отырып, өзің журнал беттеріндегі модельдерден кем сезінеді. Соның кесірінен «сұлулық» қазіргі кезде косметология, пластикалық хирургия, сән үрдістерін ұсынып, табыс көзіне айналып отыр.*

*Өткен ғасырдың ұлы ойшылы, философ, орыс жазушысы Достоевский Федор Михайлович та өз заманында «Сұлулық әлемді құтқарады» деп айтып өткен. Өмірде кемелсіз жағдайлар көп: отбасы ішіндегі ұрыс, экологиялық апаттар, соғыс, т.б. Әрине, автор «сұлулық әлемді құтқарады» деп қателеспеді, сұлулық бүкіл әлемді құтқарады. Бірақ, әңгіме қандай сұлулық жайлы болды? Менің ойымша, журнал беттеріндегі беті боялған қыздардың әдемілігі жайлы емес. Автор түсінігі бойынша, сұлулық – адамның жаны мен қарым-қатынасының үйлесімділігі.*

*Ал, шынайы махаббат сұлулығын әлемге Шекспир жеткізген болатын. Ол өз шығармаларында бір адам өз өмірін басқа адамның өмірі үшін қиғаның сұлулық деп танытқан.*

*Рафаэль Сантидің «Мадонна с младенцем» атты картинасына барлық адам шаттықпен қарайды. Бұл аналық сұлулықты көрген бір адам да енжарлықпен қалмады. Себебі, Мадонна баласы үшін небір қиындықтарға төзіп, тіпті, тозақ отына күюге дайын болған.*

*Осы жерде орыс жазушысы Чехов Антон Павловичтің сөзі есіме түсіп отыр, «Адамда барлығы тамаша болуы тиіс: Беті де, киімі де, жаны да, ойы да...». Біз, үнемі сұлу болуымыз керек, тек сыртқы ортада емес - барлық жерде, тек келбетімізбен емес – ішкі дүниемізбен.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-luly-lemdi-t-arady-782294](https://yvision.kz/kk/post/s-luly-lemdi-t-arady-782294)