---
title: "Сүлейменов саптан шығып қалды"
description: "Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия чемпионатыөтуде. Бүгінге дейін шаршы алаңға еліміздің ү..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-03T03:23:07+00:00"
modified: "2013-07-03T03:23:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-leymenov-saptan-shy-yp-aldy-360968"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-leymenov-saptan-shy-yp-aldy-360968/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сүлейменов саптан шығып қалды

> Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия чемпионатыөтуде. Бүгінге дейін шаршы алаңға еліміздің ү...

[!\[Сүлейменов саптан шығып қалды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/1333985318_sportlive_7879-300x199.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/1333985318_sportlive_7879.jpg)

 

Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия чемпионатыөтуде. Бүгінге дейін шаршы алаңға еліміздің үш боксшысы шығып, біреуі жеңіліске ұшырады.

52 келіде сынға түскен Ілияс Сүлейменов филиппиндік Реен Солюдардан 1:2 есебімен ұтылып қалды (29:28, 29:28,29:28)

60 келідегі Берік Әбдірахманов тәжірибелі қытай боксшысы Ли Циянды 2:1 есебімен тізе бүктірді. Циян 2011 жылы өткен Азия чемпионатыныңфиналында жерлесіміз Айдар Әмірзақовтан ұтылған екен.

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко мен иорданиялық Саиф Бадран арасындағы бәсеке уақытынан бұрын жерлесіміздің жеңісімен аяқталды.

Бүгін Амман шаршы алаңына Қазақстан құрамасының 4 боксшысы шығады. Олар:

49 келі: Теміртас Жүсіпов – Тұрат Осмонов (Қырғызстан)

64 келі: Мерей Ақшалов – Әли Мазафар (Кувейт)

69 келі: Данияр Елеусінов – Виссам Жабар (Ирак)

75 келі: Жәнібек Әлімханұлы – Шухрат Абдуллаев (Өзбекстан)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-leymenov-saptan-shy-yp-aldy-360968](https://yvision.kz/kk/post/s-leymenov-saptan-shy-yp-aldy-360968)