---
title: "Сәлемдеме"
description: "Барлығына салем! Жаңадан келушіні қабыл алыңыздар! Мына мектепте оқып жүрген шағымда жазған өлеңімді..."
author: "antifrez"
published: "2010-03-13T11:00:34+00:00"
modified: "2010-03-13T11:00:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-lemdeme-34270"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-lemdeme-34270/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сәлемдеме

> Барлығына салем! Жаңадан келушіні қабыл алыңыздар! Мына мектепте оқып жүрген шағымда жазған өлеңімді...

Барлығына салем! Жаңадан келушіні қабыл алыңыздар! Мына мектепте оқып жүрген шағымда жазған өлеңімді сендердің назарларына ұсынсам ба деп едім:

Өмір шеңберінде

Мектеп. Сабақ. Үй. Дала.

Мектеп. Сабақ тағы да.

Үйге қайту, талып ұйықтау,

Тағы сабақ, қайта-қайта.

Мектеп. Сабақ. Үй. Дала.

Тағы да келе береді қайталана.

Бұл шеңберде өмірімнің

Бір-ақ қызық, біреу ғана.

Ол – құрдастармен араласу,

Достарменен күліп-ойнау, таласу,

Үй ішімен әзілдесіп шай ішу,

Ойға келгенді тізе беріп, жыр жазу.

Осылай, міне, тарқатып шерімді,

Сүйе бастайм қайтадан бұл өмірді.

Өйткені қызықтың барлығы

Мектеп, сабақ, үйде өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-lemdeme-34270](https://yvision.kz/kk/post/s-lemdeme-34270)