---
title: "С. Емельянов Канадада өткен ескек есуден әлем чемпионатында жеңіске жетті"
description: "Қазақстандық каноэші Сергей Емельянов Канада елінде ескек есуден әлем чемпионатында мәре сызығын бі..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-05T23:25:48+00:00"
modified: "2013-08-05T23:25:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-emelyanov-kanadada-tken-eskek-esuden-lem-chempionatynda-zhe-iske-zhetti-367323"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-emelyanov-kanadada-tken-eskek-esuden-lem-chempionatynda-zhe-iske-zhetti-367323/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# С. Емельянов Канадада өткен ескек есуден әлем чемпионатында жеңіске жетті

> Қазақстандық каноэші Сергей Емельянов Канада елінде ескек есуден әлем чемпионатында мәре сызығын бі...

# [!\[Сергей Емельянов\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/cefd8dc36623f9b8e7e680e1f7d2caab-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/cefd8dc36623f9b8e7e680e1f7d2caab.jpg)

Қазақстандық каноэші Сергей Емельянов Канада елінде ескек есуден әлем чемпионатында мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.

«1-4 тамыз аралығында канадалық Вейланд қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өткен. Бұл аталмыш жас санатындағы тұңғыш рет өткізіліп отырған әлем чемпионаты. Каноэ-бірлікте Сергей Емельянов 1000 метрге есуден венгерлік спортшы Кристоф Каут пен украиндық ескекші Павло Алтуховты басып озып, 3:55 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті. 200 метрге есуде қазақстандық каноэші венгерлік спортшы Джонатан Хайдтен бірнеше милисекунд артта қалып қойды (00:00:00:120)»,- деп жазылған хабарламада.

Барлығы Қазақстанның атынан 12 спортшы қатысты. Сонымен қатар, жарыс нәтижесі бойынша Сергей Емельянов пен Екатерина Кальтенбергер (1998 ж.) 2014 жылы өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасы ойындарына қатысуға жолдама иеленді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-emelyanov-kanadada-tken-eskek-esuden-lem-chempionatynda-zhe-iske-zhetti-367323](https://yvision.kz/kk/post/s-emelyanov-kanadada-tken-eskek-esuden-lem-chempionatynda-zhe-iske-zhetti-367323)