---
title: "Сәденов жыл басынан бері іздеуде жүрген 782 адам..."
description: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ержан Сәденов: еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-14T08:36:14+00:00"
modified: "2024-05-14T08:36:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-denov-zhyl-basynan-beri-izdeude-zh-rgen-782-adam-stal-anyn-aytty-1004606"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-denov-zhyl-basynan-beri-izdeude-zh-rgen-782-adam-stal-anyn-aytty-1004606/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сәденов жыл басынан бері іздеуде жүрген 782 адам...

> Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ержан Сәденов: еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық...

*Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/c9a63a22f0e186c77d6d84aee858df.jpg) Ержан Сәденов:

еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйінде және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайған;

қылмыскерлерді іздестіру жұмысының нәтижесі туралы баяндады. Жыл басынан бері 782 адам, оның ішінде 79 азамат шетелде ұсталған. Іздеуде жүрген 16 адам елге экстрадицияланған;

адам көп жиналатын жерлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат берді. Террористік әрекет тұрғысынан алғанда осал екі мыңнан астам нысан, соның ішінде мектептер, жоғары оқу орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, концерт залдары мен басқа да тарихи-мәдени ғимараттар тексерілген;

көші-қон ісін бақылау жұмыстары жайында есеп берді. Жыл басынан бері елімізге 4,2 миллион шетел азаматы келіп, оның 4 миллионға жуығы шекарадан кері шыққан. Олардың 90 пайызы – ТМД азаматтары;

ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, су тасқыны салдарын жою, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кезектен тыс аттестациялау бағыттарындағы тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды;

көшелердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру және құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-denov-zhyl-basynan-beri-izdeude-zh-rgen-782-adam-stal-anyn-aytty-1004606](https://yvision.kz/kk/post/s-denov-zhyl-basynan-beri-izdeude-zh-rgen-782-adam-stal-anyn-aytty-1004606)