---
title: "Сәби болғым келеді"
description: "Мұқағали - менің сүйікті ақыным. Оның өлеңдері мен үшін әрқашан да жанға жақын, жүрекке жылы болып к..."
author: "ardabekovna"
published: "2015-10-13T14:17:42+00:00"
modified: "2016-03-25T13:20:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-bi-bol-ym-keledi-578287"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/s-bi-bol-ym-keledi-578287/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сәби болғым келеді

> Мұқағали - менің сүйікті ақыным. Оның өлеңдері мен үшін әрқашан да жанға жақын, жүрекке жылы болып к...

Мұқағали - менің сүйікті ақыным. Оның өлеңдері мен үшін әрқашан да жанға жақын, жүрекке жылы болып келеді. Қай өлеңі болса да, құрғақ сөзден құралса да, құнарлы мәнімен ерекшеленеді.

Шексіз ойлар маза берер ме, шіркін, миға ?! Кенеттен Мұқағалидың "Сәби болғым келеді" өлеңі есіме түсіп, артынан менің ой-өзегім жалғасын тапты.

 

Сәби болғым келеді, сәби болғым

Көздерінен пәктік қана көрінген.

Сәби болғым келеді, сәби болғым

Сөздерінен ақтық қана сезілген.

 

Сәби болғым келеді көрмеген еш қиындық,

Сәби болғым келеді білмеген еш зұлымдық.

Өсіп өндік, ер жеттік,

Қуандық, күлдік, сүріндік.

Сәбилі болу тек қана ендігі мақсат бүгіндік.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/s-bi-bol-ym-keledi-578287](https://yvision.kz/kk/post/s-bi-bol-ym-keledi-578287)