---
title: "Рыбакина жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига..."
description: "Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, Италия өкілі Ясмин Паолинимен кездесті. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет тоқайласып, соның..."
author: "orazali"
published: "2024-04-20T05:23:26+00:00"
modified: "2024-04-20T05:24:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-zhartylay-finalda-lemni-1-raketkasy-iga-shventekpen-sayys-a-t-sedi-1003737"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-zhartylay-finalda-lemni-1-raketkasy-iga-shventekpen-sayys-a-t-sedi-1003737/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рыбакина жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига...

> Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, Италия өкілі Ясмин Паолинимен кездесті. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет тоқайласып, соның...

*Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/777803d019457e798e4cab1b70a1ac.jpg) Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, Италия өкілі Ясмин Паолинимен кездесті. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет тоқайласып, соның екеуінде италиялық спортшының жолы болған. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Паолини қарымта қайырды - 7:5. Соңғы, шешуші сетте Рыбакина жеңісті жұлып алды - 6:3. Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт мәрте чемпионы, поляк қызы Ига Швентекпен кездеседі.

https://t.me/RRaketkasi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rybakina-zhartylay-finalda-lemni-1-raketkasy-iga-shventekpen-sayys-a-t-sedi-1003737](https://yvision.kz/kk/post/rybakina-zhartylay-finalda-lemni-1-raketkasy-iga-shventekpen-sayys-a-t-sedi-1003737)