---
title: "Рыбакина Ролан Гарростың төртінші айналымында жеңіске..."
description: "Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты. Фото: © AP Photo Рыбакина төртінші айналымда украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық теннисші 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-03T10:43:07+00:00"
modified: "2024-06-03T10:43:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-rolan-garrosty-t-rtinshi-aynalymynda-zhe-iske-zhetti-1005260"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-rolan-garrosty-t-rtinshi-aynalymynda-zhe-iske-zhetti-1005260/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рыбакина Ролан Гарростың төртінші айналымында жеңіске...

> Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты. Фото: © AP Photo Рыбакина төртінші айналымда украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық теннисші 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола...

*Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/7a7d31ef782d78702b0e6f7f577e12.jpg)

*Фото: © AP Photo*

Рыбакина төртінші айналымда украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық теннисші 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль үшін ойындағы кеткен есесін қайтарды. Елена жартылай финалға шығу үшін ресейлік Элина Аванесян және италиялық Ясмине Паолини жұбының қай жеңгенімен кездеседі. Елена биылғы Франция ашық чемпионатында қарсыластарына әлі бірде-бір сет бермеді.

t.me/RRaketkasi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rybakina-rolan-garrosty-t-rtinshi-aynalymynda-zhe-iske-zhetti-1005260](https://yvision.kz/kk/post/rybakina-rolan-garrosty-t-rtinshi-aynalymynda-zhe-iske-zhetti-1005260)