---
title: "Рыбакина мен Путинцева матчы: кім жеңеді?"
description: "Ертең Мадридтегі (Испания) WTA-1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық екі теннисші бір-бірімен ойнайтыны белгілі. Олар – әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина мен 50-ракеткасы Юлия Путинцева. Sportskeeda.com сайты олардың арасындағы..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-30T12:48:23+00:00"
modified: "2024-04-30T12:48:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-men-putinceva-matchy-kim-zhe-edi-1004156"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-men-putinceva-matchy-kim-zhe-edi-1004156/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рыбакина мен Путинцева матчы: кім жеңеді?

> Ертең Мадридтегі (Испания) WTA-1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық екі теннисші бір-бірімен ойнайтыны белгілі. Олар – әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина мен 50-ракеткасы Юлия Путинцева. Sportskeeda.com сайты олардың арасындағы...

*Ертең Мадридтегі (Испания) WTA-1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық екі теннисші бір-бірімен ойнайтыны белгілі. Олар – әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина мен 50-ракеткасы Юлия Путинцева.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/8f3ef0d82c572cf716c88e9f68dbe5.jpg)

Sportskeeda.com сайты олардың арасындағы матчтың нәтижесі қалай болуы мүмкін екеніне қатысты болжам жасады.

«Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бір-бірімен жекпе-жекке керемет қарқынмен келейін деп тұр. Мадридте Рыбакина тамаша ойын көрсетумен болды. Ол әлі бірде-бір сетте жеңілген жоқ. Лена теннис добын әдемі соға білді. Ойын барысын артқы линиядан сәтті бақылай алды. Ол доп қабылдауды да жақсы игеріп, өз бетінше брейктер жасады.

Путинцева да жоғары деңгейде еді. Ол төртінші раундта турнирдің алғашқы сетінде жеңіліп қалды. Ал үш сетте қайсарлық танытып, басымдықпен жеңіске жетті.

Бұл енді екі мықты теннисші қыздың арасындағы қызу айқас болуы мүмкін. Кім ұпайды жақсы жинай білсе, соның бағы жанайын деп тұр.

Болжам: Рыбакина екі сетте жеңеді», – деп жазыпты аталған басылым.

Айта кетейік, теннисші қыздар бұған дейін бір-бірімен екі рет ойнап, екеуінде де Путинцева жеңді.

[Vesti.kz](https://vesti.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rybakina-men-putinceva-matchy-kim-zhe-edi-1004156](https://yvision.kz/kk/post/rybakina-men-putinceva-matchy-kim-zhe-edi-1004156)