---
title: "Рыбакина Майамидегі финалда тағы да жеңіліп қалды"
description: "Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ақтық сынында екінші жыл қатарынан есе жіберіп отыр. Фото: globallookpress.com Ол финалда әлемнің 53-ші ракеткасы, америкалық..."
author: "orazali"
published: "2024-03-31T03:22:08+00:00"
modified: "2024-03-31T03:22:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-mayamidegi-finalda-ta-y-da-zhe-ilip-aldy-1002850"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-mayamidegi-finalda-ta-y-da-zhe-ilip-aldy-1002850/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рыбакина Майамидегі финалда тағы да жеңіліп қалды

> Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ақтық сынында екінші жыл қатарынан есе жіберіп отыр. Фото: globallookpress.com Ол финалда әлемнің 53-ші ракеткасы, америкалық...

*Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ақтық сынында екінші жыл қатарынан есе жіберіп отыр.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/c246aff572939894fecf767beaf539.jpg)

Фото: globallookpress.com

** **

Ол финалда әлемнің 53-ші ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзден екі сетте 5:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Рыбакина тура былтырғыдай Miami Open-нің ақтық сынына жетті де, бірақ титулға қол жеткізе алмады.

Елена финалға қатысқаны үшін 585 000 доллар тауып, 650 ұпай жинады. Ал Даниэль 1 100 000 доллар мен 1 000 ұпай иеленді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина ширек финалда Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7, 6:4 есебімен, жартылай финалда Виктория Азаренконы (#32) 6:4, 0:6, 7:6 есебімен ұтқан болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rybakina-mayamidegi-finalda-ta-y-da-zhe-ilip-aldy-1002850](https://yvision.kz/kk/post/rybakina-mayamidegi-finalda-ta-y-da-zhe-ilip-aldy-1002850)