---
title: "Рыбакина Майамиде жартылай финалға шықты"
description: "Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Фото: ©WTA Ол ширек финалда грекиялық Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7(4), 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 49 минутқа созылды. Енді..."
author: "orazali"
published: "2024-03-27T03:38:09+00:00"
modified: "2024-03-27T03:38:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-mayamide-zhartylay-final-a-shy-ty-1002679"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rybakina-mayamide-zhartylay-final-a-shy-ty-1002679/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рыбакина Майамиде жартылай финалға шықты

> Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Фото: ©WTA Ол ширек финалда грекиялық Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7(4), 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 49 минутқа созылды. Енді...

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/8b3048f43a69dc15e70def344ea3d6.jpg)

Фото: ©WTA

Ол ширек финалда грекиялық Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7(4), 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 49 минутқа созылды.

Енді Рыбакина финалға шығу үшін белорус Виктория Азаренкомен (#32) ойнайды.

Ал Азаренко ширек финалда тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваны (#68) 6:7(4), 1:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Бұл екеуі 3 сағат ойнады. Сөйтіп, Путинцева жартылай финалға шыға алмай қалды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық екі теннисшінің де ширек финалға шыққанын хабарлаған болатынбыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rybakina-mayamide-zhartylay-final-a-shy-ty-1002679](https://yvision.kz/kk/post/rybakina-mayamide-zhartylay-final-a-shy-ty-1002679)