---
title: "Руслана Коршунова өлерінен екі жыл бұрын Эпштейннің атышулы аралында болыпты"
description: "Тегі орыс қазақстандық модель Руслана Коршунова миллиардер, секс-саудагер Джеффри Эпштейннің..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-06T05:01:36+00:00"
modified: "2024-01-06T05:01:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ruslana-korshunova-lerinen-eki-zhyl-b-ryn-epshteynni-atyshuly-aralynda-bolypty-999599"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ruslana-korshunova-lerinen-eki-zhyl-b-ryn-epshteynni-atyshuly-aralynda-bolypty-999599/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Руслана Коршунова өлерінен екі жыл бұрын Эпштейннің атышулы аралында болыпты

> Тегі орыс қазақстандық модель Руслана Коршунова миллиардер, секс-саудагер Джеффри Эпштейннің...

Тегі орыс қазақстандық модель Руслана Коршунова миллиардер, секс-саудагер Джеффри Эпштейннің жекеменшік аралында болып қайтқан. Кейін ол жер «педофилдер аралы» ретінде танылды.

![Руслана Коршунова өлерінен екі жыл бұрын Эпштейннің атышулы аралында болыпты](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/457f0fefff2e70a47b95ee16a970f3.jpg)

Эпштейнге қатысты атышулы істен кейін кезінде Nina Ricci парфюмінің бет-бейнесі болған, жұмбақ жағдайда қаза тапқан Коршунованың атақты миллиардердің аралына барғаны анықталған.

Іс материалдарына қарағанда, модель 2006 жылы миллиардермен бірге оның жеке ұшағымен Кіші Сейнт-Джеймс аралына барған. Бұл – жаңағы Эпштейннің аралы. Қазір ол жердің құл саудасы және подофилиямен атағы шығып тұр.

Бұл жерде Русланаға не болғаны белгісіз. Оның агенті модельдің мұндағы жағдайға риза екенін мәлімдеген еді. Алайда бүгінде анықталған жағдайдан кейін журналистер Коршунова да басқа қыздар сияқты аралға келушілер тарапынан сексуалдық зорлыққа ұшыраған болуы мүмкін деп топшылап отыр.

Руслана Коршунова 2008 жылы 28 маусымда, 21 жасында Манхэттенде тоғызыншы қабаттағы пәтерінен құлап өлді. Полиция бұл суицид деген ұйғарым жасады. Бірақ оның өлер алдындағы хаты табылмаған. Оның үстіне модельдің жақындары ол өз-өзіне қол салатындай жағдайда болған жоқ, Руслананы біреулер өлтірген дейді.

Ал құл саудасы мен подифилия ісіне басы шатылған Джеффри Эпштейн 2019 жылы 10 тамызда алдын ала қамау қапасында жатып ажал құшты. Полиция оны да өз-өзіне қол салған деді. Атышулы миллиардер 66 жаста еді.

Daily Mail

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ruslana-korshunova-lerinen-eki-zhyl-b-ryn-epshteynni-atyshuly-aralynda-bolypty-999599](https://yvision.kz/kk/post/ruslana-korshunova-lerinen-eki-zhyl-b-ryn-epshteynni-atyshuly-aralynda-bolypty-999599)