---
title: "«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік"
description: "2017 жылдың 15 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-11-15T23:28:53+00:00"
modified: "2017-11-15T23:28:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ruhani-zha-yru-ba-darlamasyn-zh-zege-asyru-she-berinde-kimettik-emes-yymdarmen-riptestik-785121"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ruhani-zha-yru-ba-darlamasyn-zh-zege-asyru-she-berinde-kimettik-emes-yymdarmen-riptestik-785121/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік

> 2017 жылдың 15 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ...

2017 жылдың 15 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.

Кеңес отырысы облыс әкімі А.Көлгіновтың төрағалығымен және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б.Ермекбаевтың қатысуымен өткізілді.

Өз сөзінде министр мемлекет пен азаматтық қоғам арасында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды. Ол 2017 жылдың басынан бастап азаматтық сектор өкілдерімен халықты алаңдататын мәселелерді мониторингілеу бойынша жұмыстардың тоқтаусыз жүріп жатқандығы жөнінде ақпараттандырды.

Министр жүргізіліп жатырған барлық жұмыстар белсенді азаматтарды, үкіметтік емес ұйымдарды, меценаттарды біріктіруге және аймақтарды дамыту бойынша тың идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Үкіметтік емес ұйымдар – өзара пікір алмасудың көпірі іспетті. Жалпы алғанда, бұл жұмыстардың нәтижесін көріп отырмыз. Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс негізінде бөлініп жатқан қаржы жылма жыл ұлғаюда. Соның арқасында қоғамның маңызды деген мәселелері өз шешімдерін тауып келеді. «Біз бәріміз бір мемлекеттік азаматтарымыз, азаматтық қоғамның нығаюы өзімізден бастау алады» - деп сөзін нақтылады облыс әкімі А.Көлгінов.

Басты міндеттердің қатарына ауылдық жердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, бейінді үкіметтік емес ұйымдармен салалық әріптестік, әлеуметтік бастамалар Картасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимыл мәселелері қойылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ruhani-zha-yru-ba-darlamasyn-zh-zege-asyru-she-berinde-kimettik-emes-yymdarmen-riptestik-785121](https://yvision.kz/kk/post/ruhani-zha-yru-ba-darlamasyn-zh-zege-asyru-she-berinde-kimettik-emes-yymdarmen-riptestik-785121)