---
title: "Рухани дағдарыстың бетін әрмен қылсын!"
description: "Экономика құлдыраса, қайта түлетуге болады. Ал рухани азғындықтың орнын толтыру оңай емес. Бұл елімі..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-27T02:01:59+00:00"
modified: "2017-06-27T02:01:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ruhani-da-darysty-betin-rmen-ylsyn-771449"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ruhani-da-darysty-betin-rmen-ylsyn-771449/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рухани дағдарыстың бетін әрмен қылсын!

> Экономика құлдыраса, қайта түлетуге болады. Ал рухани азғындықтың орнын толтыру оңай емес. Бұл елімі...

Экономика құлдыраса, қайта түлетуге болады. Ал рухани азғындықтың орнын толтыру оңай емес. Бұл елімізге белгілі ақын-жазушылардың Шымкентте өткен оқырмандармен кездесуінде айтқан ортақ пікірі. Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының ұйытқы болуымен Отырар кітапханасында өткен жүздесу емін-еркін пікір алмасу алаңына айналды, деп хабарлайды «[Хабар-24](http://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/184087-shymkentte-elbasyny-rukhani-zha-yru-ma-alasy-nasikhattaldy)«.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының өзектілігі жан-жақты насихатталды. Қаламгерлер «әлемдік ең озық деген 100 кітаптың қазақ тіліне аударылуы, әрі латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады», – дейді. – Сана сезімнің өсуі, ескімен тұрып қалмау, ілгері жылжу міне осы екеуі маған қатты ұнады.Яғни сен өзге ұлттардай, өзге халықтардай болма, өзіңнің кескін келбетің, сөзің,әдет-ғұрпың салтың болсын деп тұр. Бұрын ұжымдық тәрбие болса қазір жеке тұлғалардың заманы индивид.Ол білімді болған сайын ол сол құрлым ғаламдастыруға бейімделеді және сонымен бәсекелесе алады, – ақын-журналист Аманхан Әлімұлы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ruhani-da-darysty-betin-rmen-ylsyn-771449](https://yvision.kz/kk/post/ruhani-da-darysty-betin-rmen-ylsyn-771449)