---
title: "«Рух пен тіл» жастары жаңаөзендік мұнайшыны Польшадан Қазақстанға қайтармауды сұрады"
description: "«М.Шәуенов ешқандай құқық бұзушылық жасамаған болса, онда отандасымыздың жеке бас қауіпсіздігі үшін ..."
author: "Rukh_pen_til"
published: "2012-12-07T12:33:12+00:00"
modified: "2012-12-07T12:33:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ruh-pen-til-zhastary-zha-a-zendik-m-nayshyny-polshadan-aza-stan-a-aytarmaudy-s-rady-307294"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ruh-pen-til-zhastary-zha-a-zendik-m-nayshyny-polshadan-aza-stan-a-aytarmaudy-s-rady-307294/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Рух пен тіл» жастары жаңаөзендік мұнайшыны Польшадан Қазақстанға қайтармауды сұрады

> «М.Шәуенов ешқандай құқық бұзушылық жасамаған болса, онда отандасымыздың жеке бас қауіпсіздігі үшін ...

«М.Шәуенов ешқандай құқық бұзушылық жасамаған болса, онда отандасымыздың жеке бас қауіпсіздігі үшін Польшада қалдыруды өтінеміз. Өйткені біз тағы бір азаматтың еліміздегі әділетсіз жүйесінен жапа шеккенін қаламаймыз». Бүгін дәл осындай қарсылықтарымен «Рух пен тіл» жастар ұйымы Алматыдағы Польша елшілігі алдында шықты.

Атап өту керек, осыдан бірнеше күн бұрын бірқатар БАҚ-тарда жаңаөзендік мұнайшы Мейірман Шәуеновтың Польшада тұтқындалғаны жөнінде хабар тараған болатын.

Ұйым жастары мұнайшы Мейірман Шәуеновтың қандай себептер бойынша, қандай негізінде ұсталғаны туралы Польша Республикасының ресми түсіндіруіп беруін талап етті. Сондай-ақ, отандасымыздың елге қайтарылмауын сұрады.

«Егер ол елге қайтып келсе, Жаңаөзенде әділеттілік үшін күресіп, ақиқатты айтқаны үшін сотқа тартылған Роза Төлетаева, Мақсат Досмағамбетов бастаған 37 мұнайшы секілді оны да соттап жіберуі мүмкін. Біз бұған тосқауыл қоюымыз керек!», – деді ұйым мүшесі Диас Бейсенбек.

БАҚ өкілдеріне үндеуді оқып берген соң, жастар Польша елшілігіне оны тапсыруды талпынғандарымен, елшіліктегі адамдар ұзақ уақыт бойы шықпады. Сөйтіп тек 40 минут өткен соң ғана елшіліктегілер ұйым мүшесі Диас Бейсенбекті елшілік ішіне кіргізіп, петицияны қабылдады.

Төменде үндеудің қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларын жариялап отырмыз.

ПЕТИЦИЯ

5 желтоқсан күні бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары жаңаөзендік мұнайшы Мейірман Шәуеновтың тұтқындалғаны жөнінде ақпарат таратты. Алайда, отандасымыздың қандай қылмыс жасағаны, не үшін тұтқындалғаны жөнінде ешқандай ақпарат білмейміз. Дегенмен де, Польша билігі жақын арада жаңаөзендік мұнайшыны Қазақстанға қайтаруы мүмкін. Бұған Қазақстан билігі де мүдделі болып отыр. Осыған байланысты «Рух пен тіл» ұйымы мынаны мәлімдейді:

«Отандасымыз Мейірман Шәуеновтың Польшада не себепті, қандай негізде тұтқындалғаны туралы Польша билігі Қазақтан халқына ресми түсініктеме беруі тиіс. Сонымен қатар, Мейірман Шәуеновтың Қазақстаннан Польшаға кетіп қалуының басты себептерінің бірі еліміздің билігі тарапынан жасалған қысым болуы мүмкін. Қазіргі таңда біз Мейірман Шәуеновтың нақты қылмыс жасағаны немесе жасамағаны жөнінде мәлімет білмегенімізбен, барлық құқықтық мәселелерді Польшаның сот жүйесі бойынша шешілуд сұраймыз.

Егер ол қандай да бір әкімшілік не қылмыстық заң бұзушылық жасаса, онда Польша Республикасының заңымен жауапқа тартылғанын талап етеміз. Ал егер М.Шәуенов ешқандай құқық бұзуышылық жасамаған болса, онда отандасымыздың жеке бас қауіпсіздігі үшін Польшада қалдыруды өтінеміз. Өйткені Қазақстанда әділетсіз сот жүйесі, обьективті тергеу жоқ, құқық қорғау қызметкерлері қызметі халықарарлық талаптарға сәйкес келмейтіндіктен, біз тағы бір азаматтың еліміздегі әділтсіз жүйесінен жапа шеккенін қаламаймыз.

Сондықтан Мейірман Шәуеновтың елге қайтарылуына наразымыз! Егер ол елге қайтып келсе, Жаңаөзенде әділеттілік үшін күресіп, ақиқатты айтқаны үшін сотқа тартылған Роза Төлетаева, Мақсат Досмағамбетов бастаған 37 мұнайшы секілді оны да соттап жіберуі мүмкін. Біз бұған тосқауыл қоюымыз керек! Қазақстанның авторитарлық билігінің ешқашанда әділетті, ашық, жариялы сот өтікізіп, қарапайым халықтың мүддесін қорғамайтындықтан, отандасымыздың жағдайы шетелдің демократиялық принциптерге негізделген заңымен шешілгені орынды деп есептейміз».

 

ПЕТИЦИЯ

Вчера, 5 декабря, в СМИ прошла информация о задержании в Польше жанаозенского нефтяника Мейрмана Шауенова. До сих пор мы не знаем, за что и по какой причине его задержали. При этом официальные власти Польши могут выдать нашего соотечественника Казахстану. В свою очередь казахстанские власти заинтересованы в экстрадиции Шауенова. По этому вопросу молодежная организация «Рух пен тіл» заявляет:

«Власти Польши должны дать официальное объяснение о причинах задержания Мейрмана Шауенова. На наш взгляд, одной из главных причин нахождения нашего соотечественника за границей – это пытки и давления на него со стороны властей Казахстана. На данный момент мы не знаем, совершил ли преступление Мейрман Шауенов или нет.

В связи с этим просим решить его проблемы согласно законодательству Польской Республики. Если он совершил какое-то административное или уголовное правонарушение, то требуем судить Шауенова по местным законам Польши. В случае если он не совершал никакого правонарушения, то просим оставить его в Польше для его личной безопасности. Поскольку у нас в Казахстане нет справедливого суда, нет объективного следствия, и работа наших правоохранительных органов не соответствует международным стандартам.

Поэтому мы не хотим, чтобы простой нефтяник из Жанаозеня пострадал от несправедливой системы. Мы не хотим, чтобы его экстрагировали в Казахстан! Если он вернется в Казахстан, то он попадет под суд подобно тому, как привлекались 37 казахстанских нефтяников. Он может пострадать за свою честность и справедливость как Роза Тулетаева, Максат Досмагамбетов и другие. Мы должны противостоять этому беспределу! Потому что авторитарная власть Казахстана никогда не проведет честных, открытых судов, никогда не будет защищать интересы простого народа!»

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ruh-pen-til-zhastary-zha-a-zendik-m-nayshyny-polshadan-aza-stan-a-aytarmaudy-s-rady-307294](https://yvision.kz/kk/post/ruh-pen-til-zhastary-zha-a-zendik-m-nayshyny-polshadan-aza-stan-a-aytarmaudy-s-rady-307294)