---
title: "Өрт сөндірушілердің жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео тарады"
description: "Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 178 жедел құтқару жұмысына шыққан. Бұл туралы ТЖМ..."
author: "orazali"
published: "2024-01-20T06:29:27+00:00"
modified: "2024-01-20T06:35:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rt-s-ndirushilerdi-zhankeshtilikpen-reket-etip-zhat-anyn-k-rsetetin-video-tarady-1000087"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rt-s-ndirushilerdi-zhankeshtilikpen-reket-etip-zhat-anyn-k-rsetetin-video-tarady-1000087/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өрт сөндірушілердің жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео тарады

> Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 178 жедел құтқару жұмысына шыққан. Бұл туралы ТЖМ...

*Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 178 жедел құтқару жұмысына шыққан. Бұл туралы ТЖМ Telegram-арнасында жазылды.*

![Өрт сөндірушілердің жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео тарады](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/f318c71f0a6a266fb5006870d955c4.jpg)

Шұғыл іс-әрекеттердің 78-і өрттер мен жану оқиғаларына, 100-і іздестіруге, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға қатысты. Бұл жолы 19 адам құтқарылған және эвакуацияланған. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

ТЖМ Telegram-арнасына сондай төтенше оқиғалардың бірінде өрт-сөндірушілердің қандай жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін [видео](https://web.telegram.org/a/#-1001164375032) жүктелді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rt-s-ndirushilerdi-zhankeshtilikpen-reket-etip-zhat-anyn-k-rsetetin-video-tarady-1000087](https://yvision.kz/kk/post/rt-s-ndirushilerdi-zhankeshtilikpen-reket-etip-zhat-anyn-k-rsetetin-video-tarady-1000087)