---
title: "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесіндегісеминар-кеңес"
description: "2015 жылдың 21 қазан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-10-22T06:09:48+00:00"
modified: "2015-10-22T06:09:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rt-s-ndiru-zh-ne-avariyaly-t-aru-zh-mystary-yzmeti-mekemesindegiseminar-ke-es-602857"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rt-s-ndiru-zh-ne-avariyaly-t-aru-zh-mystary-yzmeti-mekemesindegiseminar-ke-es-602857/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесіндегісеминар-кеңес

> 2015 жылдың 21 қазан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ...

![Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесіндегісеминар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/KW1XOEty739kEV3hD7o6zwAJ4gZ8dZ.jpg)

**2015 жылдың 21 қазан күні** Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015**-**2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес оздырылды.

Шара өту кезінде Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының консультанты «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіріп, мысал ретінде кейбір құқыққорғау органдарындағы қылмыстық істерге тоқталды. Сонымен қоса, Агенттіктің call**-**center 1494 орталығының жұмысы туралы ақпарат беріліп, жеке құрамға тақырыптық видео роликтер көрсетіліп, қоғамдық пікірді анықтау мақсатында арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rt-s-ndiru-zh-ne-avariyaly-t-aru-zh-mystary-yzmeti-mekemesindegiseminar-ke-es-602857](https://yvision.kz/kk/post/rt-s-ndiru-zh-ne-avariyaly-t-aru-zh-mystary-yzmeti-mekemesindegiseminar-ke-es-602857)