---
title: "«Ұрпақтар келісімшарты» - жастық пен тәжірибе қорытпасы"
description: "Бұл зейнеткерлік жастағы жұмыскерлердің жинақталған тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін арнайы құрыл..."
author: "MalikaD"
published: "2022-12-19T09:45:00+00:00"
modified: "2022-12-21T06:38:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rpa-tar-kelisimsharty-zhasty-pen-t-zhiribe-orytpasy-980974"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rpa-tar-kelisimsharty-zhasty-pen-t-zhiribe-orytpasy-980974/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ұрпақтар келісімшарты» - жастық пен тәжірибе қорытпасы

> Бұл зейнеткерлік жастағы жұмыскерлердің жинақталған тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін арнайы құрыл...

Бұл зейнеткерлік жастағы жұмыскерлердің жинақталған тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін арнайы құрылған жұмыс орындары

Мысалы, Жапонияда ірі корпорацияларда өмір бойы жұмыспен қамту жүйесі бар. Мансаптық өсу мен жалақының өсуі ең алдымен еңбек өтілімен байланысты. Сонымен қатар, үлкендер өздерінің өнерлері мен қабілеттерін кішілерге «жұмыс орнын тартып алады» деп қорықпай бөліседі. Бұл жүйе заңды түрде ресімделмеген, бірақ бұл озық елде қатаң сақталған

Кеңес заманында, тіпті қазірдің өзінде бірқатар шет елдерде, мысалы, Германияда тәлімгерлік институты жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындардың кадрлық саясатының маңызды құралы болып табылады, бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі - жаңа қызметкерлерді бейімдеу және оқыту, кадрлардың тұрақтамауын азайту, қызметкерлердің әлеуетін дамыту

Сарапшылар тәлімгерлік институтын жаңғыртуға еліміздің бизнесі тарапынан қызығушылықтың жоғары екенін атап өтті. Айтпақшы, тәлімгерлік жобасы 2018 жылдың шілде айында Астанада басталды. Осы уақыт ішінде «Атамекен» ҚР ҰКП мен Трир қаласындағы (Германия) қолөнер палатасымен бірлескен жобасы аясында құрылыс саласының өкілдері және т.б оқытудан өтті

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына екі жыл ішінде оқуын аяқтаған 29 жастан асқан оқу орындарының түлектері қатыса алады. Әрбір қатысушыға зейнеткерлік жасқа жетуіне алты айдан аз уақыт қалған тәлімгер тағайындалады

6 айдан кейін осы жұмыссыз тұлға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі немесе ол зейнеткерлікке шыққан қызметкерді ауыстырады. Осығаг қатысу ұзақтығы кемінде 18 ай. Алғашқы 6 айдағы 30 АЕК жалақыны мемлекет төлейді, келесі 12 айда жалақы мөлшерін жұмыс беруші белгілейді

Жолдаманы алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет

2022 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша Алматыда enbek.kz сайтында «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 28 бос орынға 23 хабарландыру жарияланған

Мысалы, «Позитив Securities» Коллекторлық Агенттігі» ЖШС жоғары білімі бар, жұмыс тәжірибесі жоқ, жалақысы 180 000 теңге штаттық заңгерді қабылдауға дайын

«Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының балалар қалалық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 250 000 теңгеден басталатын жалақысы бар жұмыс тәжірибесі жоқ заң кеңесшісі қажет

Кәсіби дағдылар: Құжаттарды жүргізу және құрастыру; келісімдер мен шарттар жасасу; даулы мәселелер бойынша шағымдар мен талаптарды қарау; құқықтық құжаттарды әзірлеуде құқықтық көмек көрсету

«ForteBank» АҚ жұмыс тәжірибесі жоқ, жалақысы 243 000 теңгеден басталатын сауда операциялары бойынша кеңесшісі қажет

Еске салайық, «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша оңтүстік астанада 10 айдың ішінде 60 азамат жұмысқа орналасқан, ал жоспар бойынша тек 59 болатын

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rpa-tar-kelisimsharty-zhasty-pen-t-zhiribe-orytpasy-980974](https://yvision.kz/kk/post/rpa-tar-kelisimsharty-zhasty-pen-t-zhiribe-orytpasy-980974)