---
title: "Ұрпақ азбас үшін..."
description: "«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданғанымен өкінішке қарай, әзірге бітіргенінен гөрі даңғазасы мен..."
author: "Omirhan"
published: "2017-11-03T10:26:48+00:00"
modified: "2017-11-03T10:26:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rpa-azbas-shin-783837"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rpa-azbas-shin-783837/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұрпақ азбас үшін...

> «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданғанымен өкінішке қарай, әзірге бітіргенінен гөрі даңғазасы мен...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданғанымен өкінішке қарай, әзірге бітіргенінен гөрі даңғазасы мен дақпырты көп болып тұр. Бағдарлама авторлары өзге елдердің тәжірибелерін зерттегеніне таласпаймыз. Дегенмен, біраз нәрсе ескерілмеген секілді...

«Сингапур ғажайыбын» жасаған Ли Куан Юдің «Жасампаз ұлт» қалыптастыру бағытындағы 8 ісінің бірі...

Сингапур мемлекеті құрылған соң бірнеше жылдан соң, Ли Куан Ю халқының азғындап бара жатқанын аңғарып, дабыл қағыпты. Ұлттың азғындауға ұшырай бастауының басты себебі - Сингапурлық еркектер өздеріне талапты азырақ қоятын білімі төмен қыз-келіншектерді көбірек таңдап, үйленуінен екен... Нәтижесінде Сингапурдың білімді қыз-келіншектері демографиялық процестен шеттеп қалды. Сондықтан, елде Әлеуметтік Даму Агенттігі құрылып, насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, материалдық қолдау көрсету арқылы білімді қыз-келіншектерді, әсіресе университет бітірген келіншектердің білімсіз келіншектерден гөрі көбірек бала табуына жағдай жасады. Шығатын қорытынды: Қазақстанда білімді қыз-келіншектердің дені білім беру мен денсаулық саласында.. Яғни, осы салаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жасау керек... Мәселен, іргелес орналасқан Өзбекстанда «Демографиялық дүмпу» зор дейміз. Ерлерінің үлкен бөлігі шетелдерде гастарбайтер болып жүрген елде дүмпу қандай жолмен іске асуы мүмкін екенін өздеріңіз шамаларсыздар... Ол дүмпуден мемлекет үшін қандай пайда бар? Сауаты кем аналардан туған балалардың көпшілігі ертең гастарбайтер болмауы үшін мемлекет не істеп жатыр? Ютубта Мақтаралмен көрші Сырдария облысында бір ауданның әкімі мектеп директорларын сапқа тұрғызып қойып сабап жатқан ролик жүр. Директорлардың бар жазығы – мақта теру жоспарын орындай алмағаны. Директорлар таяқ жеп жатса, елдегі білім сапасының жағдайы белгілі болғаны... Халқының санына бола, болашақ Орталық Азиядағы жетекші елдің ролін Өзбекстанға беріп қойған біздің саясаткерлер қатты қателеседі. Көрші елде бар болғаны ертең Әлемнің дамыған елдері үшін ең ауыр жұмыстар атқаратын «гастарбайтер жасау» жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, индус, бангладештіктер мен пакистандықтарға бәсекелестер дайындап жатыр. Қазақстан содан сабақ алу керек.

Біздегі үлкен проблема – еркектің жас мөлшеріне қарамай тоқал болуға кетәрі емес жап-жас қыз-келіншектердің саны күн санап артып келе жатыр.. Оның арты жақсылыққа әкелмейді. Дәл осы заманда екінші әйел болуға келісім беріп жатқан қыз-келіншектерді 3 топқа бөліп қарастыруға болады. 1. Бақуат еркекке қатын үстіне барып, қалай да болмасын, материалдық мұқтаждықтан құтылу. Мұндай әйелдердің өмірлік ұстанымы белгілі. Еркектің басынан бақ тая бастаса, "Әй-да, қарақұйрық!" - деп басқа бақуат еркек іздей бастайды. Мұндай әйелді тап басып тани алмаған еркекте де ақыл шамалы... 2. "Сестралар" мен "браттардың" арбауына түскен білімі өте таяз, шөпжелкелер.. Осы екі топтағы аналардың балаларының болашағы қалай болатын өздеріңіз шамаларсыздар.. 3. Бұл топқа "Жаманның төрінде жатқанша, жақсының босағасында жатайын" деген өмірлік ұстанымы бар нағыз кемеңгер әйелді жатқызуға болады. Бұлардың саны өте аз.. Бұл топтағы аналар дүниеге әкелген балаларды да психологиялық комфортта өмір сүреді деп ешкім айта алмайды.. Конституциямызда айтылғандай, елдің ең үлкен байлығы адам екені рас болса, әлі де болса «Адам капиталына» көбірек көңіл аудару керек. «Киелі орындар» қашпайды... Етек жайып бара жатқан азғындықты ауыздықтау жолдарын іздейік..

[#Руханижаңғыру](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83?source=feed_text&story_id=1418002388297927)

[http://i24.com.ua/…/8-receptov-postroeniya-stabilnoj-nacii-…](http://i24.com.ua/digest/people/8-receptov-postroeniya-stabilnoj-nacii-ot-li-kuan-yu)

![Ұрпақ азбас үшін...](https://storage.yvision.kz/images/user/omirhan/gXvALvpeA86wNfig7841Vf4s086EI5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rpa-azbas-shin-783837](https://yvision.kz/kk/post/rpa-azbas-shin-783837)