---
title: "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс"
description: "6 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында, Өнер бөлімінде №115 ОМ ..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2019-05-08T07:11:01+00:00"
modified: "2019-05-08T07:11:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rpa-a-ran-bol-an-ly-zhe-is-832031"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rpa-a-ran-bol-an-ly-zhe-is-832031/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

> 6 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында, Өнер бөлімінде №115 ОМ ...

6 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында, Өнер бөлімінде №115 ОМ 1 сынып оқушыларымен „Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс„ іс-шарасы өткізілді. Еліміздің болашағы — кішкентай бүлдіршіндерге Жеңістің қасиеті, майдан даласының қиындығы, соғыс қарулары, Ұлы Отан соғысының батырлары, сондай-ақ жерлес батырлар туралы айтылды. Сонымен қатар, балалармен ойындар да ойнатылды. Ойын барысында ұл балалар нағыз батырлардың соғыс көлігі — танкты, ал қыз балалар Мәншүк пен Әлиядай батыр апалары сияқты соғыс қаруы — автоматты құрастырды. Соғыс кезінде ұрыс даласына ауыз су жеткізу де оңайға соқпайтыны белгілі. Сол сәтті сәл де болса сезініп, ойыншық машинамен су толы стақанды бір жерден екінші жерге төкпей-шашпай жеткізуге тиіс болды. Балалар барлық сынықтан сүрінбей өтті.

9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

https://photos.app.goo.gl/SvxCFz5k6TH64d8u6

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rpa-a-ran-bol-an-ly-zhe-is-832031](https://yvision.kz/kk/post/rpa-a-ran-bol-an-ly-zhe-is-832031)