---
title: "Роза Ресейде ән салды"
description: "11.10.12.Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек жән..."
author: "AIKYN"
published: "2012-10-10T23:31:02+00:00"
modified: "2012-10-10T23:31:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/roza-reseyde-n-saldy-295528"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/roza-reseyde-n-saldy-295528/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Роза Ресейде ән салды

> 11.10.12.Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек жән...

**11.10.12.

![Роза Ресейде ән салды](http://www.aikyn.kz/images/stories/11.10.12/22-bet-2.jpg)

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек және дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына орай Мәскеудегi Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда салтанатты кеш өтті. **

****

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин тамашалаған концертте Ресей халық артисі Лев Лещенко мен Қазақстанның халық артисі Роза Рым­баева өнер көрсетті. Концерт бағдарламасында әлемдік классикалық туындылар, оның ішінде Верди, Россини операларынан үзінділер орындалды. Сондай-ақ бұрынғы және қазіргі заман композиторларының шығармалары орындалды. Жұртшылық Лев Лещенко мен Роза Рымбаеваның орындауындағы ретро әндер мен патриоттық туындыларды сүйсіне қабылдады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/roza-reseyde-n-saldy-295528](https://yvision.kz/kk/post/roza-reseyde-n-saldy-295528)