---
title: "Роза Әлқожаның ән кеші өтті"
description: "1 маусым күні Астана қаласында Роза Әлқожаның ән кеші өтті. Роза Әлқожадан дайындық үстінде сұхбат а..."
author: "kaztube1"
published: "2013-06-02T12:32:31+00:00"
modified: "2013-06-02T12:32:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/roza-l-ozhany-n-keshi-tti-355637"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/roza-l-ozhany-n-keshi-tti-355637/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Роза Әлқожаның ән кеші өтті

> 1 маусым күні Астана қаласында Роза Әлқожаның ән кеші өтті. Роза Әлқожадан дайындық үстінде сұхбат а...

1 маусым күні Астана қаласында Роза Әлқожаның ән кеші өтті. Роза Әлқожадан дайындық үстінде сұхбат алуға тырыстық :)

![Роза Әлқожаның ән кеші өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/PLX7z9oBUsR7GaVXmPb6MSRG43JTxP.jpg)

Роза Әлқожаның ән кешін өнердегі ағасы Саят Медеуов жүргізді. Саят ағаның жүргізушіліктегі ең алғашқы қадамы екен.

![Роза Әлқожаның ән кеші өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/RAcNWXE0kpRCYV3mw4Rc91Cv9YW1G9.jpg)

Роза Әлқожаның ән кешінде өнердегі жанашырлары, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Бақытгүл Бабаш қонақ болды. Құттықтау сөз сөйлеп, тілектерін арнады.

![Роза Әлқожаның ән кеші өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/nxc9CwX2oO44W1hAQEbZfgGk2RswD8.jpg)

Роза Әлқожаның қызы, ұлы және өнердегі сіңлісі Әсел Ергешқызы Розаның өлеңдерінен поэзия оқыды.

![Роза Әлқожаның ән кеші өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/VtM4QHx5kPXoqZ2VZXMlGEUD6QW085.jpg)

Роза Әлқожаның әуелеген әндері көрермендерді ән қанатында қалықтатты. Есті ән тыңдайтын көрерменнің көп екені көңілге қуаныш ұялатады.

![Роза Әлқожаның ән кеші өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/RVoOzgSvrJ6g2AgY4nbi0MmmwNP7qe.jpg)

Роза Әлқожаның ән кеші туралы қызықты видеоны біздің порталдан күтіңіздер :)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/roza-l-ozhany-n-keshi-tti-355637](https://yvision.kz/kk/post/roza-l-ozhany-n-keshi-tti-355637)